Новые книги
Құдайберді Бағашар.Ислам және өнеге.
Имандылықтың тамырын Исламнан іздеп, бүгінгі күннің өміршеңдігімен танылған тақырыптарын бүкпесіз сөз еткен дінтанушы Құдайберді Бағашар бұл еңбегінде «өмір» атты кеңістіктің галлереясын түзіп, рухани құндылықтармен сусындауға шақыратын, оқырмандарға ой саларлық туындыларын ұсынады.
Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған
Қаламхан Сейітұлы.Пайғамбарлар тарихы
Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с) бастап, соңғы елші Мұхаммедке ( саллалаһу аләйһи уәсәлләм) дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, әр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болады.
Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры
Бұл кітапта Ислам құқық мәзхабтарының көшін бастаған имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры, ізгі қасиеттері мен өнегелі істері қамтылған. Деректер тарихи әдебиеттер мен Әбу Ханифаның өмірінен сыр шерткен еңбектерден таңдалып алынған.
Кітап исламтанушылар мен дінтанушыларға, дін саласының қызметкерлеріне, имам Ағзамнын өмірімен танысқысы келген оқырман қауымға арналған.
Кердерлік ханафи ғұлама
Еңбекте қазіргі Арал өңірінен нақтырақ айтқанда Аралдың кепекен табанынан табылған Кердері қаласының немесе қазақтың Кердері руынан шыққан Шәмс әл-әимма Мұхаммед ибн Абдусаттар әл-Кердеридің аты-жөні, шыққан тегі мен өскен ортасы және ұстаздары мен шәкірттері туралы көлемді мәліметтер қамтылған. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған еңбектерін саралап, нақты деректер келтіріліп, олардың сақталған орындарын анықтап көрсеткен. Қолда бар еңбектеріне талдау жасалады. Негізге алынып отырған қолжазбада әл-Кердери ислам әлеміне танымал әл-Ғазалидің еңбегіне сын жазып, Ханафи мәзхабынқорғап, Әбу Ханифаның ислам ғылымындағы орны мен ерекше қасиеттеріне тоқталған.
Абдурахман Рафәт Әл-Бәшә. Табиғиндер өмірінен өнегелер
Кітап сахабалардан кейінгі буын, сахабалар ізбасарлары болған тәбиғиндер өмірінен алынған өнегелерді қамтиды. Кітапта мәшһүр отыз тәбиғиннің өмірбаяны жазылған.
Қалдыбек Рахманов. Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы
Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің, экстремизмнің т.б адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с) үмбетіне терроризм, экстремизм сияқты қанқұйлы әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жұмысқа насихат екені көріне. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.
А.К.Муминов. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии
Монография арабиста – исламоведа Муминова А.К посвящена исследованию роли и значения богословов ханафитского мазхаба в истории Центральной Азии в VII-XV веках. Она осуществлена на основе материала рукописи сочинения выходца из Золотой Орды Махмуд ибн Сулайман ал-Кафави (ум. В 989/1581 г.) «Ката’иб а’лам ал-ахйар мин фукаха’мазхаб ан-Ну’ман ал-мухтар» («Разряды выдающихся мужей из законоведов школы ан-Ну’ман Избранника»).
В ней показана ключевая роль богословов – ханафитов в многовековых процессии в регионе с разнородным этническим составом, особенностями в экономике, культуре, обычаях и верованиях. Также прослежена история богословкой школы Центральной Азии, которая дала множество великих имен, выдающихся произведений для развития исламской цивилизации.
Қазақстан театрлары
Біздің өнердің жоғары дәрежеде тұрғанын, мақтанышпен айта аламын. Қазақстанда көптеген шығармашылық ұжамдар табысты жұмыс істеуде, олардың қатарында бірегей ұйғыр, кәріс, неміс театрлары бар, облыстарда жаңа театрлар ашылуда.
Рухани дамудың үлкен қажеттілігі туындап, халық театрларға барып жатыр. Қазіргі кезде күнделікті қойылымдарда зал адамға лық толы. Бұл әрине мақтан тұтарлық жағдай, қазіргі таңдағы бар жетістігімізді одан әрі дамыту-бұл біздің міндетіміз.
Мейірман Нұрекеев
Қазақ өнеріндегі тұлпар тұлғалар ғасырдың әр кезеңінде қылаң беріп, оқ бойы озық көрініп отырады... Оның әрқайсысын уақыт белгілейді, халық таңдайды.
Мейірман Нұрекеев – ХХ ғасырдың 70-інші жылдарында өнер сахнасына шығып-танылып, 90-ыншы жылдардың аяғына қарай фәни дүниемен қош айтысқан қайталанбас тұлға.
Қазақстан – Қарашаңырағым
Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстыпудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. ХХI ғасырдың ең басты заңы – татулық!
Фотоальбом Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған.