Новые книги
Мұқан Иманжанов. Алғашқы айлар
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған бұл кітапқа белгілі жазушының әңгімелері мен повесі енгізілді. Жазушы шығармаларында ауылдағы мектеп өмірі, жастардың тыныс-тіршілігі, жасампаз еңбегі, адамгершілік ізгі қасиеттері шынайы суреттеледі.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Шәмшиден Әбдіраман, Теңізбай Рахымжанов, Иген Хасенұлы. Шығармалары
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шығып отырған бұл жинаққа белгілі қаламгер Шәмшиден Әбдіраман, Теңізбай Рахымжанов, Иген Хасеновтердің таңдамалы туындылары топтастырылған.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
ілеуғазы Бейсембек, Қасым Ботанов, Руслан Нұртай. Шығармалары
Бұл жинаққа Жазушылар одағының мүшелері, айтулы ақындар- Тілеуғазы Бейсембек, Қасым Ботанов, Руслан Нұрбайдың таңдаулы туындылары топтастырылып отыр. Кеудесіндегі сыр толы сандықтарын сыршыл өлеңдерімен жайып салатын жүректер лүпілі ақтарылып қана қоймай, саналарға қозғау салып, ақын мен адамзат арасындағы алтын көпірді ақжарма жырмен жалғайды.
Жинақ жырқұмар оқырманға арналған.
Сарыарқа Тәуелсіздік жылдарында
Жинаққа өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы Қарағанды облысының журналистері жазған мақалалар, сұхбаттар мен очерктер енген. Онда еліміздің басты өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығының бірі болып табылатын өлке өміріндегі елеулі өзгерістер көрініс табады. Кітаптың материалдары бұрын жергілікті баспасөзде жарық көрген. Шын мәнінде, мұның өзі бірегей өлкеміздің шежіресі.
Жүсіпбек Алтайбаев. Шығармалары
Белгілі жазушы – сатирик, танымал журналист, шебер аудармашы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Алтайбаевтың бұл жинағына әр жылдары жазған сықақтары, бірқағарлары, әңгімелері мен повестері енген. Мұндағы шығармалардың оқиғасы тартымды, тілі ширақ.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
инаида Чумакова. Балалық шағымның бауырсағы. Баурсаки моего детства
«Балалық шағымның бауырсағы»- автордың қазақ жері мен қазақ еліне тағзымы.
«Перзенттік парыз» - зобалаң жылдары шешендер мен ингуштерді жан шуағымен жылытып қана қоймай, атақоныстарынан пана сыйлаған қазақ халқына ғұмыр бойы алғаусыз алғыс айтып өткен әке аманатын ақын қыздың ақтауы.
Кітап түзілімі қосарласа өрілген: қос тіл- қазақ және орыс тілдері, қос жанр- поэзия және проза, қос халық – қазақ және вайнах халықтары, қос аманат – әке мен ағаның аманаттары. Осылайша жымдаса тұтасқан қос бірлік авторға қуат үстейді, оқырманға ой салады.
Ғалым Жайлыбай. Бір тал үкі
Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың «Бір тал үкі» атты бұл жинағына соңғы жылдары жазған таңдаулы туындылары енгізілген. Қашанда өлеңді өмір суреттерімен, ашық бояуымен елестететін қаламгер жаңашылдығы – оның тілінде, бейнелік сипатында.
Көркемдік көрігінен шыққандай жинақ көпшіліктің де көңілінен шығады деп сенеміз.
Жүрсін Ерман. Асыл Ажар
Көрнекті ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Жүрсін Ерманның «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған бұл жинағына таңдаулы туындылары топтастырылды.
Кітап жырсүйер көпшілікке арналған.
Дидар Амантай. Қарқаралы басында
Қазақтың белгілі жазушысы, проза шебері әрі кинодраматург Дидар Амантай ел назарына ұсынып отырған бұл кітабына өзектес, сабақтас, тақырыптас шығармаларын енгізіп отыр. Автор кез келген туындысында қаһарман мінез-құлқын қимыл-әрекеті, пәлсапалық ойы және диалогтары арқылы жан-жақты ашып суреттеуге талпынған. Қаламгердің ойынша, әдебиет дегеніміз- сағынышқа құрылған мөлдір әңгімелер. Кітаптың тілі шұрайлы, бояуы қанық, оқиғалары қызықты.
Жинақта топтастырылған барлық әдеби көркем шығармалар (үшінші және төртінші басылымдары) Дидар АМАНТАЙДЫҢ авторлық меншігіне жатады.
Қапан Сатыбалдин. Шығармалары.
Қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, драматург жазушы Қапан Сатыбалдин артына мол әдеби мұра қалдырған. Бұл кітапқа ақынның лирикалары мен поэмаларының және аудармаларының жиынтығы енгізілген. Бұл шығармалар Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.