Новые книги

Мәңгілік менің махаббатым

Әймен И.

Мәңгілік менің махаббатым

Лирикалық баян-хикаяттар, повестер, әңгіме-новеллалар

 

Дүниеде қай-бір нәрсе де екі жақты. Ақ – қара; ащы-тәтті; жаман – жақсы; күн – түн... Сайтан – Періште... Алла тағала өзі осылай етіп жаратқан. Неге? Сол – Ұлық  Сыны үшін!  Ертеңгі «һақиқи сұрауы» үшін. «Махаббат пен ғадауат.» Махаббат немесе Сүю дегеніміз: Жану – Күю де. Жана, күйе білген ғана – шын сүйе біледі, сағына біледі. Міне, автордың түп қазық концепциясы осы. 

Кітап көпшілік оқырманға арналған. 

Ақиқатын айтқанда

Бектас Гүлзина

Ақиқатын айтқанда

Сұхбаттар

 

Журналист Гүлзина Бектастың бұл еңбегіне қазақтың қабырғалы қаламгерлерімен болған сыр-сұхбаттары топтастырылған. Қасым Қайсенов, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков сияқты сөз зергерлерімен болған әңгімелері қызғылықты әрі тартымды оқылады. Ұлттық идея, ұлттық құндылықтар , қазақ әдебиетінің мәселелері туралы да ұлт зиялыларының ойлары ашық айтылған.

Кітап қалың көпшілікке арналған. 

Сөз

Шаяхмет А.

Сөз

Өлеңдер

 

Белгілі ақын Ақылбек Шаяхметтің  «Сөз»  деп  аталатын жаңа өлеңдер жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді тілге тиек етіп, имандылыққа үндейді. Адамдар арасындағы адамгершілік пен арсыздық, парасаттылық пен надандық, жақсылық пен арсыздық, парасаттылық пен надандық, жақсылық пен жамандық , достық пен қаскөйлік, кішіпейілділік пен  өркөкіректік, еңбекқорлық пен жалқаулық, мәрттік пен нәмарттық және басқа жақсы-жаман адами қасиеттер мен қасіреттер жайлы дарынды ақын тебірене қалам тербеп, оқырмандарын жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады.  

Қоңырау

Сайынқызы Г.

Қоңырау

Ой-толғамдар, кеңестер, афоризмдер

 

Гүлтас Сайынқызының «Қоңырау» атты бұл кітабында автордың ұрпақ тәрбиесіне қатысты педагогикалық тұжырымдары, ой толғаулары, кеңестері мен афоризмдері берілген. Автор Тәуелсіз қазақ елінің жастарына Абай, Мағжан, Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаларды үлгі етеді. Өзінің туған еліне деген перзенттік парызымен, адамдармен қарым – қатынастағы өнегесі арқылы шәкірттерін, жалпы жастарды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. 

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Өткеннен ертеңге

Балқияұлы Н.

Өткеннен ертеңге

Мақалалар

 

Белгілі қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, қаламгер Нұридің Балқияұлы өзі жүріп өткен өмірге терең бойлап, әр түрлі тақырыптарда көңілге тоқыған ойларын ортаға салады.

Жинақтың – Ағалар соқпағы, Түркістан топырағында, ел болашағы білікті маман қолында, тоғысқан толқындар деген бөлімдері – еліміздің өткенімен шектелмей, ертеңгі күнге, болашаққа деген үлкен сеніммен, жастарымызға тәлім- тәрбие мен  олардың келешекте игеріп шығатын мамандығына сай азамат болып, ел экономикасын көтеру қажеттігін алашқа әйгілі ғалымдар мен халқымыздың аяулы перзенттерінің тағдырынан мөлтек сыр шерту арқылы көз жеткізеді. 

Кітап көпшілік оқырманға арналған. 

Таншолпан

Идрисов А.

Таншолпан

Роман

 

Роман известного писателя, профессора Абильфайыза Идрисова «Таншолпан» в свое время был тепло принят казахской аудиторией. Эта подлинная история счастливой и горячей любви имеет огромное воспитательное значение для сегодняшней молодежи. Надеемся, что роман в переводе на русский язык вызовет неподдельный интерес у самого широкого круга читателей. 

Жанр және шығарма

Әбдіқұлова Р.М.

Жанр және шығарма

Зерттеулер, әңгімелер

 

Бұл кітапқа жанр тарихының көне бастауларына шолу жасалады. Жанр категориясының әлемдік әдеби даму заңдылықтарымен, көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктерімен тығыз байланысты, жазушының  шығармашылық психологиясымен тұтастығы жанр эволюциясы сипатында қарастырылады. Жаңа дәуірдегі жанрлық түрленулер мен жаңғырулар қазақ көркем әдебиеті құрылымында тәуелсіздік идеясының көрініс табуымен сабақтастықта  пайымдалады. 

Кітап зерттеушілер мен мамандарға, көпшілік оқырманға арналады. 

Күндіз жұлдыз көрінсе

Ахметчин Ғ.

Күндіз жұлдыз  көрінсе

Сықақ әңгімелер

Қаламгер Ғұмар  Ахметчин «Жалын» және «Елорда» баспаларынан шыққан «Қолды болған қораз», «Көзілдіріктің кесірі», «Көзі сынық тебен», «Ұмытшақтық зобалаңы» атты сатиралық кітаптардың авторы.

Автордың «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты бұл сықақ әңгімелері мен өлеңдері көпшілік оқырмандарға арналған.  

Пайым

Медетбек Т.

Пайым

Ой-толғаныстар, эсселер

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің  бұл кітабына заман және адам, әдебиет пен өмір туралы ой-толғаныстары мен эсселері топтастырылған.

Бұл туындыларда ел-жұрт, адам-қоғам өміріндегі өзгеше мінез, қарым-қатынастарды ешбір боямасыз, қаз-қалпында әрі көркем шыншылдықпен суреттейді. 

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 

Қапышева Л

Қапышева Л.

Сырласу

 

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші қазір естеліктер кітабы көптеп шығып жатыр. Олардың жанрлары да, пішіндері де әр алуан. Бірақ қолдарыңыздағы бұл жинақтың бұған дейінгі естеліктердің ешқайсысына ұқсамайтынына кітаптың алғашқы бетін ашқаннан-ақ көз жеткізуге болады. 

Жинақ төрт бөлімнен тұрады. «Өмірдің өзі новелла» деп аталатын бірінші бөлімде радиотолқында тараған хабарлары берілген, ал «Әке туралы сыр» деп аталатын екінші бөлімде Ләззат Қапышеваның сұхбаттары, баспасөз бетінде жарияланған мақалалары, сценарийлері мен эсселері берілген. «Дос туралы сыр» деп аталатын үшінші бөлімде кітапқа арқау болған белгілі режиссер Мейрамхан  Қапышевтың замандастары мен шәкірттерінің естеліктері қамтылған. «Өмір туралы сыр» деп аталатын төртінші бөлімде Мейрамхан Қапышевтың шығармалары орын алған. 

Жинақтың тілі жатық, Торғай өңіріне тән сөз тіркестері кең қолданылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.