Новые книги

Мен біреуді сағынамын

Тоқсанбай Мерген

Мен біреуді сағынамын

 

Көкшетаулық жас ақын Мерген Тоқсанбайдың мөлдір, тұнық махаббаты, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі, сағынышы мен мұңы, құбылмалы көңілінің күрсінісі мен қуанышысы әдемі өлеңге айналған.

Ақынның бұл кітабы «Ассалаумағалейкум!», жыр жинағында жарық көрген, газет-журналдарда жарияланған өлеңдері мен жаңа жырлары еніп отыр. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Айтылмай жүрген құпия

 

Абылайханов Татухан

Айтылмай жүрген құпия

 

Кітап Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, азаматтық, ғұламалық тұлғасын көрсетуге арналған қысқа – қысқа әңгімелерден тұрады.

Шоқанның азаматтық асқақтығы, ой-толғамы, ақыл-парасаты, әйгілі Қашқар сапарында кездескен жол михнаты, әртүрлі шырғалаң, саяси-әлеуметтік жағдайдың күрделілігі бұқара халықпен қарым-қатынас жасау барысында көрініс тапқан. Шоқанды қалыптастырған қазақ тарихына қатысты Абылайхан, Төлеби, Кенесары, Наурызбай туралы әңгімелер танымдық, тағылымдық зор мәнге ие. Кітап қызықты да, тартымды оқылады.

Сұрапыл жылдар

Абылайханов Т.Т.

Сұрапыл жылдар

 

Ата-мекен, туған жер және ата-тарих – халық анасы. Өз анасын сүю, өзге ананы құрметтеу – әр адамның перзенттік парызы. Халқымыздың Әлихан  Бөкейханов сияқты таңдаулы ұлдары айтқызылмай келген тарихымыздың ақтаңдақтарын айту, тәуелсіздігімізді қорғау аса қажет екені талас тудырмайды. 

Бұл кітаптың танымдық, өнегелік, тәрбиелік мәні, маңызы зорлығы сонда. Оқырман қауым жоғары бағалайды деп ұсынып отырмыз.

Завороженный истиной

Ахетов Амантай

Завороженный истиной

 

Включенные в сборник ранние рассказы Амантая Ахетова пронизаны лиризмом и теплом в отражении людских судеб и потрясающих парадоксов нашего бытия, пропущенных через сердце поэта.

Интересны и путевые эссе писателя из Египта, Саудовской Аравии и Израиля, на которые автор смотрит еще глазами советского человека.

Т.5: Мифология Тарих Қоғам

Әсемқұлов Таласбек

Шығармалары

Т.5: Мифология Тарих Қоғам

 

Жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының бұл томына мифология, тарих, қоғам  жайында әр кезеңде жазылған мақалалары топтастырылған. 

 

Т.4: Музыка Әдебиет

Әсемқұлов Таласбек

Шығармалары

Т.4: Музыка Әдебиет

 

Жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының бұл томына музыка, әдебиет жайында әр кезеңде жазылған мақалалары топтастырылған. 

 

Т.3:Кинороманы

Әсемқұлов Таласбек

Шығармалары

Т.3:Кинороманы

 

Т.2: Проза Киноромандар

Әсемқұлов Таласбек

Шығармалары

Т.2: Проза Киноромандар

 

Жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының бұл томына 80-жылдар және 2003-2013 жылдар аралығындағы жазылған прозалары мен  киноромандары топтастырылған. 

 

Т.1: Күйшілік туралы романдар

Әсемқұлов Таласбек

Шығармалары

Т.1: Күйшілік туралы романдар

 

Жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармалар жинағының бұл томына күйшілік туралы жазылған «Талтүс» және аяқталмай қалған «Тәттімбет сері» романдары топтастырылған.

Жиырмасыншы ғасыр

Досанов Сәбит

Жиырмасыншы ғасыр

 

Көркем сөздің көрнекті шебері Сәбит Досановтың «Жиырмасынщы ғасыр» атты роман – эпопеясында тұтас бір ғасырдың көркем шежіресі төрт ұрпақтың тағдыры арқылы жанды сурет болып оқушының көз алдынан өтеді.

Төрт кітаптан  тұратын күрмеуі қатты күрделі шығарманың  алғашқы кітабында отаршыл озбыр саясаттың қазаққа әкелген қайғы-қасіреті суреттеледі. Әлихан, Ахмет, Нұрдәулет сынды Ұлы Даланың ұлт қамын ойлаған ұлдары қазақтың байырғы жеріне қара шегірткедей қаптаған қоныстанушылар көшін тоқтату үшін жанкештілікпен күреседі.

Шығармада суреттелетін ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бәрі Ақбас бүркіттің көзімен, ой, сезімімен беріледі. Ақбас бүркіт бұған дейін әлем әдебиетінде кездеспеген жаңа образ.

Көп жылдық көркемдік ізденістің жемісі болып табылатын бұл роман – эпопея жылда шығып жатқан көп кітаптың бірі емес, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылуға әбден лайық тұлғалы туынды.