Новые книги

Көгілдір күмбез

Жүністегі К

Көгілдір күмбез

Белгілі қаламгер Кәміл Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан», «Үміт көшігі» тәрізді хикаяттарымен қатар «Өмір сүруге хақысы», «Қазан астында», «Көжедегі құрт», «Конвой» секілді әңгімелері еніп отыр.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

Алматы ғазалдары

Әріп Ғалым

Алматы ғазалдары

Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген туған жер,курстас достары,дәріс берген ұстаздары,жастық шағы өткен Алматы қаласы туралы өлеңдері енді.

Тұлғалар тұғыры

Тұлғалар тұғыры

Кітапқа әйгілі Қордай асуының күнгей-теріскейінде өніп-өсіп жатқан ұрпақтардың ұраны болған, Жетісу мен Шу бойындағы Алашқа даңқы жайылған тарихи төрт тұлға жайлы атақты жыраулар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетші-ғалымдар әр кезеңде айтқан дастандары мен зерттеу мақалалары топтастырылған.Тұлғатанымдық, сол арқылы ұрпақты елдік, ерлік Рухта тәрбиелеу мақсатымен ерекшеленетін бұл дүние көпшілікке арналған.

Шамаң келсе,шындықты айт!

Сәттібайұлы К

«Шамаң  келсе,шындықты айт!»...

Белгілі қоғам кайраткері,Халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаны өзіне ұстаз санамайтын ақын,жазушы,журналист кемде-кем.Солардың бірі –талантты жазушы,қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлы.Ол қолдарыңыздағы кітабында қаламгер ағасының шындық деп шырылдаған қайраткер келбетін шынайы шеберлікпен сомдап,оның қоғам мен әдебиеттегі алған асулары мен қол жеткізген биігін көркем тілмен қағазға түсіріпті.

Әлем әдебиетінің алыптарымен болған әңгімелерден,естеліктерден және эсселерден Шерағаңның бейнесін көріп,болмысын танисыз.

25 Белес Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар

25 Белес

Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар

Елбасының қанатты сөздерінің, айшықты афоризмдерінің топтамалары әр жылдары бірнеше рет кітап болып жарық көріп, жұртшылық игілігіне айналғаны мәлім. Бұл жаңа жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991-2016ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылықққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқиатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді.

Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.    

Көзімнің қарасы

Сатыпбалды Нарымбетов

Көзімнің қарасы

Кинорежиссер, киносценарийші, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының, тәуелсіз «Тарлан» және Француз Киноакадемиясы сыйлықтарының лауреаты, Халықаралық кинофестивальдердің сан мәрте жүлдегері Сатыбалды Нарымбетовтің есімі қалың жұртшылыққа жақсы таныс.

Режиссердің киносценарийлері де топтастырылған; қазақ киносының әлемдік  контекстегі орнын айқындауға бастайтын, үш бөлімнен тұратын бұл кітап көпшілік оқырманға арналған.    

Қазақтың домбыра өнері

Мұрат Әбуғазы

Қазақтың домбыра өнері

Қазақ халқының сан салалы өнерінің ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы – домбырашылық – күйшілік дәстүрі болып саналады. Белгілі домбырашы, музыка зерттеуші Мұрат Әбуғазының бұл еңбегінде домбыра аспабы мен күйшілік өнер жан-жақты, кешенді түрде зерттелген.

Кітап  жоғары және орта музыкалық оқу орындарының студенттеріне, музыка зерттеушілеріне сонымен қатар, жалпы өнерсүйер жұртшылыққа арналған.   

Қазақтың бата-тілек өсиеттері

Қазақтың бата-тілек өсиеттері

Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерінің бірі – бата-тілек білдіру, өсиет айту. Жинаққа енгізілген бата-тілектер, өсиеттер кім-кімді де ойландырып, өресі биік парасаттыққа, шынайы ізгілікке талпындырары хақ.

Кітап көпшілік оқырманға арналған. 

Қамшысөз

Айтбай Сәулебек

Қамшысөз

Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, ондаған кітаптың авторы Айтбай Сәулебектің есімі республикаға кеңінен танымал.

Айтбай Сәулебектің «Қамшысөз» атты жинағына тәуелсіздік жылдарында жазылған сан алуан жанрдағы публицистикалық жазбалары, зерттеулері, әдеби дүниелері топтастырылған.

Кітап көпшілік оқырманға арналған. 

Таңдамалы шығармаларының жинағы

Мәди Айымбетов

Таңдамалы шығармаларының жинағы

Жазушының өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бүгінге дейінгі уақыт аралығында жарық көрген «Құла түздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы», «Құлан елес» және тағы басқа да әңгімелері енгізілген. Әңгімелерде әртүрлі образдар арқылы адам әлемінің психологиялық, әлеуметтік сипаттағы тұтастай бір галереясы жасалған. Көп томдық таңдамалы шығармалардағы әңгімелер көпшілік қауымға арналған.