Жаңа кітаптар

Өмір өткелдері

Жұмабайқызы Г.

Өмір өткелдері

«Айқын» газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы,Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гулнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған.

Қазақ халқы тарихында елге ерен еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар сан салада баршылық.Олар бірден тұлға,танымал болып туған жоқ. Олардың да өсу,қалыптасу кезеңі,бір сөзбен айтқанда өмір жолы бар. Осы жолда түрлі белестен асқан. Қиын да қызық жағдайларды басынан өткізген.Олар бүгінде бір отбасының,әулеттің емес,күллі қазақтың қамын күйттеп,елдің келешегі қандай болмақ деп ой толғайды.Тәуелсіздігімізді сақтап,еңсеміздің биік болуы үшін не істемек керек деп толғанады.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Соғады сен деп жүрегім

Томанов С

Соғады сен деп жүрегім

Ақын Серік Томановтың бұл кітабына оның құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында жазып үлгерген таңдамалы жауһар жырлары топтастырылған.

Ақын жыр сүйер қауымды өзімен бірге ойлантады, қуантады, мұңайтады, рухтандырып, шабыттандырады. Халқының көркем тілін, кестелі сөзін, тапқыр теңеулерін санаға құяды.

Өлеңмен өткен өмірім

Жайлауов Ө

Өлеңмен өткен өмірім

Белгілі ақын Өкім Жайлауовтың есімі жұртшылыққа жақсы таныс.Әр қаламгердің өзіндік шығармашылық өрнегі,шебершілік ерекшелігі болады десек, Ө.Жайлауов жырларын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізе аламыз. Оның ақындық алымына,қаламгерлік қарымына,өлеңдерінің қисындық түзіліміне еріксіз ден қоясыз.

Нәрлі тамырлар

Қорабай С

Нәрлі тамырлар

Әдебиет зерттеуші Серікқазы Қорабайдың әдеби-танымдық зерттеулер жинағында қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезеңдерінен терең сыр шерткен көкейкесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазуындағы «Дана Хикар хикаясы», «Құмандар кітабы» сияқты ортағасырлық қыпшақ әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады,Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады.

Кітап ұлт мәдениетінің жанашырлары мен тарих,әдебиет мәселелерін зерттеуші мамандарға,бүкіл оқырман қауымға арналған.

Біздің Әшірәлі

Тасыбекова Т

  Біздің Әшірәлі

Қолыңыздағы талантты сахнагер жөнінде жазылған естеліктер кітабының «Біздің Әшірәлі» деп аталуында үлкен мағына жатыр. Шынында да, бүкіл әріптестері оны еркелете осылай атайтын. Жұртқа жағымды, жайдары, жайлы жігіт еді. Айналасындағыларға сүйкімі зор өнерлі азамат еді. Осынау естеліктер жинағының өнбойында ,сондай бір жылылық лебін, жағымды лебіздер тасқынын сезінгендей хал-күйге түсеріңіз хақ. Қысқа ғана, небәрі 55 жылдық ғұмырында өз көрермендерінің қиялын сан-саққа жүгірте алған аяулы да айтулы актердің соңына қалдырған сахналық мұралары туралы тебіреніске толы сырлар шерткен әріптестерінің шынайы пікірлері оқырман қауымды сүлесоқ қалдырмасына сенімдіміз.

Ендеше, «Біздің Әшірәлі» өнерпаз жолы жайында құрастырылған қызғылықты жинақ.Тек,ден қойғаныңыз жөн,құрметті өнерсүйер қауым!

Көгілдір күмбез

Жүністегі К

Көгілдір күмбез

Белгілі қаламгер Кәміл Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан», «Үміт көшігі» тәрізді хикаяттарымен қатар «Өмір сүруге хақысы», «Қазан астында», «Көжедегі құрт», «Конвой» секілді әңгімелері еніп отыр.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

Алматы ғазалдары

Әріп Ғалым

Алматы ғазалдары

Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген туған жер,курстас достары,дәріс берген ұстаздары,жастық шағы өткен Алматы қаласы туралы өлеңдері енді.

Тұлғалар тұғыры

Тұлғалар тұғыры

Кітапқа әйгілі Қордай асуының күнгей-теріскейінде өніп-өсіп жатқан ұрпақтардың ұраны болған, Жетісу мен Шу бойындағы Алашқа даңқы жайылған тарихи төрт тұлға жайлы атақты жыраулар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетші-ғалымдар әр кезеңде айтқан дастандары мен зерттеу мақалалары топтастырылған.Тұлғатанымдық, сол арқылы ұрпақты елдік, ерлік Рухта тәрбиелеу мақсатымен ерекшеленетін бұл дүние көпшілікке арналған.

Шамаң келсе,шындықты айт!

Сәттібайұлы К

«Шамаң  келсе,шындықты айт!»...

Белгілі қоғам кайраткері,Халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаны өзіне ұстаз санамайтын ақын,жазушы,журналист кемде-кем.Солардың бірі –талантты жазушы,қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлы.Ол қолдарыңыздағы кітабында қаламгер ағасының шындық деп шырылдаған қайраткер келбетін шынайы шеберлікпен сомдап,оның қоғам мен әдебиеттегі алған асулары мен қол жеткізген биігін көркем тілмен қағазға түсіріпті.

Әлем әдебиетінің алыптарымен болған әңгімелерден,естеліктерден және эсселерден Шерағаңның бейнесін көріп,болмысын танисыз.

25 Белес Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар

25 Белес

Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар

Елбасының қанатты сөздерінің, айшықты афоризмдерінің топтамалары әр жылдары бірнеше рет кітап болып жарық көріп, жұртшылық игілігіне айналғаны мәлім. Бұл жаңа жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдарындағы (1991-2016ж.ж.) түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылықққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқиатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді.

Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.