Жаңа кітаптар
Мысырдағы түркі-қыпшақ әдебиеті
Ақжігіт Әлібекұлы
Мысырдағы түркі-қыпшақ әдебиеті
Бұл еңбекте Мысыр жерінде жазылған түркі-қыпшақ әдебиеті жан-жақты қарастырылады. Түркі халықтарының әдебиетінде ерекше орны бар «Оғызнама», «Құтадғу білік» дастандарының және Сыр бойынан басталған сопылық сарынның мәмлүктер кезіндегі қыпшақ әдебиетіне әсері зерттеледі. Мысырдағы түркі әдебиетіне – араб-парсы поэзиясынан енген аруз өлшеміндегі мәснәуи, ғазал, қасида сынды жанрларының көрінісі сипатталып, дәстүрлі түркі өлшемінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары талданады.
Кітап әдебиеттануды ғалымдарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.
Тәуелсіздіккеталпыныс
Көлбай Адырбек
Тәуелсіздіккеталпыныс
Белгілі журналист, қаламгер Көлбай Адырбектің бұл жинағына еліміздің тәуелсіздік алуына баспалдақ болған оқиғалар өзек болған. Автор Кеңес Одағының тарауына аса күшті ықпал еткен Желтоқсан оқиғасы жайлы ешбір боямасыз, егжей-тегжейлі нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды.
Қара жердің кіндігі
Төреғали Тәшенов
Қара жердің кіндігі
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Тәшеновтің бұл жинағына әр жылдардағы мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған тарихи-танымдық мақалалары, публицистикалық ой-толғаулары, көзқарастары, журналистік жазбалары сұрыпталып беріліп отыр. Топтаманың тақырыбы әр алуан болғанымен, танымдық тағлымы тартымды.
Кітап қалың оқырманға арналған.
Көптомдық шығармалар жинағы
Роллан Сейсенбаев
Көптомдық шығармалар жинағы
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді».
Жұмбағы көп жаратылыс
Сейсен Әмірбекұлы
Жұмбағы көп жаратылыс
Белгілі журналист Сейсен Әмірбекұлының бұл кітабына «Айқын» газетінде әр кездері түрлі тақырыпта жарық көрген мақала-сараптама, сұхбаттары енген. Кітап «Сыр-сұхбат», «Жазмыш», «Дүние жалған» және «Атамекен сырлары» деген төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өз жүгі бар. Әр мақалаға арқау болған тақырыптары терең де, мазмұнды. Оқырманды ойға жетелейтін кітап сіздің де көңіліңізден шығаруы даусыз.
Шығармалар жинағы
Нұрлан Оразалин
Шығармалар жинағы
Оқырман назарына ұсынылып отырған сегізінші томға Н.Оразалиннің өткен ғасырдың 70-90 жылдары аралығында жазылып, республика театрларында кеңінен қойылған, қойылып келе жатқан «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Қырғын» атты пьесалары енгізілді.
Оқырман жұртшылық аталмыш томнан автордың театр, драматургия, жалпы өнер проблемаларына арналған әр жылдар бедерінде жазылған мақалаларын да оқи алады.
Сандалған сауал
Ермахан Шайхыұлы
Сандалған сауал
Қоғамды сатирасыз, ал күйбең тіршілікті ойын-күлкісіз, әзіл-әжуасыз көзге елестету әсте мүмкін емес. Қазақ – қалжың-қылжаққа, қисық та қыңыр сөзге құмар халық. Оны тек көре және жаза білу керек. Бұл сөзімізге белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қолыңыздағы кітабы дәлел бола алады. Бұл «Сандалған сауал» атты жинаққа қаламгердің соңғы уақытта жазған сатиралық шығармалары топтастырылған.
Кітап күлкі сүйер оқырман қауымға арналған.
Қиямет-қайым ғасыры
Елубаев Смағұл
Қиямет-қайым ғасыры
Белгілі қаламгер Смағұл Елубаевтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Қиямет-қайым ғасыры» ойтолғауы мен әңгімелер, хикаяттары еніп отыр. Заман тарихын ашып көрсеткен осынау тамаша дүниелер кез келген оқырман қауымға арналған.
Ақ боз үй
Елубаев Смағұл
Ақ боз үй
Көрнекті жазушы Смағұл Елубаевтың бұл таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі «Ақ боз үй» трилогиясы кірді. «Ақ боз үй» өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман. Оқырман назарына жинақтағы «Ақ боз үй» романының мейлінше ықшамдалып ширатылған жаңа нұсқасы ұсынылып отыр.
Өтіп еді сол заман нақ осылай
Оразбек Нұрмахан
Өтіп еді сол заман нақ осылай
Кітап 1939 жылдың көктемінде өткен БК (б) П-ның XVIII съезінің өкіметті халыққа жақындату саясатына орай 1939 жылы қара күзде құрылған Фрунзе ауданының жылнамасын жасауға арналған. Қазақ әдебиетінің деректі проза жанрында бұл нақ осыны көздейтін тұңғыш еңбек. Кітап болашақта «Бір ауданның жылнамасы» сериясына мұрындық болар деп үміттенеміз. Кітап барша оқырман қауымға арналған.