Жаңа кітаптар

Қазақстан – Ресей

 

Әдеби альманах

Қазақстан – Ресей

 

Қазақстан – Ресей әдеби альманағының екінші шығарылымы 30-40 жастағы әдеби толқынның шығармашылығына арналды. Нақ осы толқын өткен ғасыр мен осы ғасыр арасындағы әдеби шыңырауды аса көп қиындықсыз еңсере алған болатын. Осылар ғана жаңа Қазақстан мен жаңа Ресейдің әдеби процесін белгілі бір мөлшерде жаңалай алды. Сондықтан да бүгін қол жетпеген биіктер емес, еңсерілген асулар туралы айтуға болатын шығар.

Ұлы дала жаңғырығы

Өмірзақ Шанов

Ұлы дала жаңғырығы

 

Кітап танымал қазақ мүсіншісі, В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемөнер институтының түлегі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі – Шанов Өмірзақтың шығармашылығына арналған.

Суретші туындыларының шығармашылық ауқымы кең әрі алуан түрлі. Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының бірінен алған кәсіби білімі, тума таланты және ішкі мәдениеті шебердің өнерін әрдайым көркемдік пен руханилықтың биігіне шығарады.

Тастан қашалған әуен

Қадырхан Кәкімов

Тастан қашалған әуен

 

Альбом белгілі қазақ мүсіншісі – Қадырхан Кәкімовтың шығармашылығына арналған.

Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге оның шығармашылығы туралы кең сипаттама берілген. Ұсынылып отырған альбом қазақ мүсін өнерінің рухани-эстетикалық талғамын қалыптастырудағы рөлін арттыратыны сөзсіз.

Суретшінің толғауы

Серікбай Әлжан

Суретшінің толғауы 

Серікбай  Әлжан 1980-90 жылдардағы белгілі қазақ суретшілері қатарына жатады. Оның шығармашылық өмірбаяны да суретші ретінде қалыптасу жолында өріліп отырды.

С.Әлжанның шығармалары кескіндеме мектебінің реалистік бағытынан сыр шертіп, тұрмыстық сюжет жанрларына ұқсас келеді. Сол сияқты әлеуметтік тақырыптарды бейнелеу де суретшіге тән нәрсе. Яғни, суретшінің халықтық тақырыпқа жан-тәнімен берілуі шығармашылығында ерекше көрініс тапқан.

Суретшінің туындыларынан халықтық тарихы мен тағдыры, оның құнды және бай мұрасы мен мұндалайды.

Жанымды сыйладым халқыма

Исабаев Исатай

Жанымды сыйладым халқыма

Альбом танымал қазақ график-суретшісі Исатай Исабаевтың шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой-толғамдары берілген. Осының бәрі суретшінің нағыз ұлттық, қайталанбас шеберлігі мен сан қырлы қолтаңбасы бар суретші ретінде тұтастай әсерге бөлесе, дара графикалық мәнерімен өлшеусіз із қалдырғанын қазақ мәдениетінің мұрасына ауқымды қызмет еткен кеңдігімен ғана бағалауға болады.

 

Фотоальбом

Табиев Бахтияр

Фотоальбом

Табиев Бактияр. Оның көркемсурет өнері шығармашылығындағы өрлеу тұсы. 1960 жылдары қалыптасса, ал нағыз шебер иесі ретінде 1980 жылдары таныла бастады.

 Бактияр Табиев тек «алпысыншы жылғы» буын өкілдеріне ғана танымал емес. Ол әрбір маман өзінің жеке қолтаңбасы, дауысы мен ырғағын табу керек деген талапты жіті түсініп, осыған сай атмосфераны құрған суретші. Қазақ өнерінде кез келген жаңа идея сыртқы стилдік сапасы жағынан ғана емес, алдыңғы буын өкілдері бастап кеткен ізге үңілудің арқасында өзіндік ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қалыптастырады.

 

Тар дүние

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай

Тар дүние

Үштомдық шығармалар жинағы

1-том

Бұл романда ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының, оның ішінде, Сыр бойы мен Қаратау арасында өмір сүрген байлар мен жатақтар өмірінің кең көлемді панорамасы бейнеленген.

Көркем дүниеде жазушының тіл ерекшелігі сезіледі, жазылу мәнері жағынан соны ізденістерге, жаңаша ой түзуге талпыныс жасағаны байқалады.

Тар дүние

Жұмат – Әлмашұлы Жолтай

Тар дүние

Үш томдық шығармалар жинағы

2 – том

Бұл роман желілес екі шығарманың басы біріктірілген, ал кейіпкері ортақ. Жазушы сол бейне арқылы ой түйеді, әріден толғанады. Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі тұсындағы жастар өмірі, олардың әрқилы тағдыры қызғылықты баяндалады. Оқиғалар талас-тартыстармен өрбіп отырады.

 

Тар дүние.

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай

Тар дүние.

Үштомдық шығармалар жинағы.

3-том

Бұл кітапқа автордың «Ұмытылған ұрпақ» романы еніп отыр. Дүниеге шыр етіп келген сәбидің тірлікте бастан кешері  әртүрлі, әрқилы. Бірде сәттілік, бірде сәтсіздік... Ал, енді сол сәбидің тағдырын әдейі қиындатып, қолдан жасалған ауыртпалыққа итермелейтін жауапсыз ата-ананы кім дейміз?... Не болмаса мына жарық дүниенің түйінделер тұсында өз үйінің бір бұрышынан да орын табылмай, қарттар үйіне ығыстырылған кәриялар ше? Оларды сондай күйге мәжбүр еткен  балаларды кім дейміз?..Міне, осындай ойларды өз шығармасына өзек етіп алған жазушының бұл романы екі сала – екі желі арқылы жоғарыдағы мәселелерді қазбалаған. 

Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады. 

Очерки дипломата

Касым – Жомарт Токаев

Очерки дипломата

Книга вторая

Под стягом независимости

 

Во второй том семитомного издания вошли очерки известного казахстанского политика и дипломата Касым – Жомарта Токаева, посвященные выходу Казахстана на международную арену в качестве суверенного, независимого государства.

Содержающая богатый документальный материал,книга фактически является монографией. Она дает широкое представление о внешней политике нашей страны и может быть использована в качестве учебного пособия в системе подготовки дипломатов и специалистов-международников.