Жаңа кітаптар
Таншолпан
Идрисов А.
Таншолпан
Роман
Роман известного писателя, профессора Абильфайыза Идрисова «Таншолпан» в свое время был тепло принят казахской аудиторией. Эта подлинная история счастливой и горячей любви имеет огромное воспитательное значение для сегодняшней молодежи. Надеемся, что роман в переводе на русский язык вызовет неподдельный интерес у самого широкого круга читателей.
Жанр және шығарма
Әбдіқұлова Р.М.
Жанр және шығарма
Зерттеулер, әңгімелер
Бұл кітапқа жанр тарихының көне бастауларына шолу жасалады. Жанр категориясының әлемдік әдеби даму заңдылықтарымен, көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктерімен тығыз байланысты, жазушының шығармашылық психологиясымен тұтастығы жанр эволюциясы сипатында қарастырылады. Жаңа дәуірдегі жанрлық түрленулер мен жаңғырулар қазақ көркем әдебиеті құрылымында тәуелсіздік идеясының көрініс табуымен сабақтастықта пайымдалады.
Кітап зерттеушілер мен мамандарға, көпшілік оқырманға арналады.
Күндіз жұлдыз көрінсе
Ахметчин Ғ.
Күндіз жұлдыз көрінсе
Сықақ әңгімелер
Қаламгер Ғұмар Ахметчин «Жалын» және «Елорда» баспаларынан шыққан «Қолды болған қораз», «Көзілдіріктің кесірі», «Көзі сынық тебен», «Ұмытшақтық зобалаңы» атты сатиралық кітаптардың авторы.
Автордың «Күндіз жұлдыз көрінсе» атты бұл сықақ әңгімелері мен өлеңдері көпшілік оқырмандарға арналған.
Пайым
Медетбек Т.
Пайым
Ой-толғаныстар, эсселер
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің бұл кітабына заман және адам, әдебиет пен өмір туралы ой-толғаныстары мен эсселері топтастырылған.
Бұл туындыларда ел-жұрт, адам-қоғам өміріндегі өзгеше мінез, қарым-қатынастарды ешбір боямасыз, қаз-қалпында әрі көркем шыншылдықпен суреттейді.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Қапышева Л
Қапышева Л.
Сырласу
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» демекші қазір естеліктер кітабы көптеп шығып жатыр. Олардың жанрлары да, пішіндері де әр алуан. Бірақ қолдарыңыздағы бұл жинақтың бұған дейінгі естеліктердің ешқайсысына ұқсамайтынына кітаптың алғашқы бетін ашқаннан-ақ көз жеткізуге болады.
Жинақ төрт бөлімнен тұрады. «Өмірдің өзі новелла» деп аталатын бірінші бөлімде радиотолқында тараған хабарлары берілген, ал «Әке туралы сыр» деп аталатын екінші бөлімде Ләззат Қапышеваның сұхбаттары, баспасөз бетінде жарияланған мақалалары, сценарийлері мен эсселері берілген. «Дос туралы сыр» деп аталатын үшінші бөлімде кітапқа арқау болған белгілі режиссер Мейрамхан Қапышевтың замандастары мен шәкірттерінің естеліктері қамтылған. «Өмір туралы сыр» деп аталатын төртінші бөлімде Мейрамхан Қапышевтың шығармалары орын алған.
Жинақтың тілі жатық, Торғай өңіріне тән сөз тіркестері кең қолданылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.
Ей, менің құла бестім
Шойбекова Г.
Ей, менің құла бестім
Хикаяттар, әңгімелер
Жазушы Гүлзат Шойбекованың бұл жинағы жаратылыстың бастау көзінен мәңгіліктің сарытап сүрлеуіне дейінгі сан алуан тақырыптарды қамтиды. Адамдық асыл қасиеттер мен адамзаттық ортақ құндылықтарды ортаға салып ой қозғайды.
Гүлзат Шойбекова прозасының басты ерекшелігі – тазалық, ізгілікке ұмтылып, ақиқаттан адаспай, адамдық, танымдық һәм мәңгілік құндылықтар арқылы бүгінгі оқырмандарға жан жылуын сыйлауы деп білеміз.
Өзіндік жазу үлгісімен ерекшеленетін автордың бұл кітабы да оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.
Сөз хикмет
Кемелбаева А.
Сөз хикмет
Эсселер, мақалалар, сұхбаттар
«Сөз хикмет» атты бұл кітапқа жазушы, әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаеваның көркем эсселері мен әдеби, өнертану, ғылымтану сұхбаттары енген.
Кітапқа қазіргі қазақ әдебиетіне теориялық-аналитикалық талдау жасалған әдебиет танытқыш, әдебиет зерттеуге арналған ғылыми мақалалар мен көркем эсселер, интеллектуальды сұхбаттары енді.
Жазушының ғылыми тұрғыдан нысан етіп алған классикалық әдебиеттің тұлғалары: Ибн Рабиа, Дулат Бабатайұлы, Абай, Иманжүсіп, Георгий Гребенщиков, Марина Цветаева, Әлкей Марғұлан.
Бұл кітапқа сондай-ақ, қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің 40 шақты көрнекті өкілдерінің шығармашылығы жайлы зерттеу мақалалары да енген.
Кітап әдебиетті тереңдеп оқытатын жоғары және орта оқу орындары мен сөз өнерін қастерлейтін көзі қарақты жұртшылыққа арналады.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Сырлытас
Ислам Д.
Сырлытас
Өлеңдер
Ақын Д. Исламның «Сырлытас» жинағындағы өлеңдері идеялық ерекшеліктеріне орай «Ай Абыз дертті қозғайды», «Сезімімнің саусақтары жүзіксіз», «Махаббат та ертегі тыңдай білсең/Қиялыңды құндақтар бір шындығы» атты үш бөлімге бөлініп беріліп отыр. Тәуелсіз елдің бақыты, әлеуметтің көңіл күйі, қоғам психологиясының ішкі иірімдері, шынайы сезімнің нәзік әуендері ұлттық дүниетаным тереңдіктерімен бейнеленуі-ақын өлеңдерінің философиялық толғаныстар мен концептуальды шешімдер орамына бай келетіндігін көрсетеді.
«Сырлытас» өмірді сүйетін,өміртануға, адамтанымға ұмтылған жүрек көзі-ақыл сөзі бар барша қауымға арналды.
Ақ жауын
Қабанұлы Б.
Ақ жауын
Өлеңдер, толғаулар, поэмалар
Шетелде тұратын қазақ ақыны Байыт Қабанұлының «Ақ жауын» атты бұл жыр жинағына оның өлеңдері, толғаулары мен поэмалары еніп отыр. Монғолияның Ерденет қаласында тұратын ақын Монғолия жазушылар ұйымы сыйлығының иегері, Монғолия елінің мәдениет қайраткері. Бұған дейін ақынның оннан астам жыр кітаптары жарық көрген.
Кітап өлең сүйер көпшілік қауымға арналады.
Тырнақшаның ішіндегі әңгіме
Әбілқайыр Қ.
Тырнақшаның ішіндегі әңгіме
Әңгімелер
Жазушының «Тырнақшаның ішіндегі әңгіме» атты кітабына қоғамның дамуына кедергі болған түрлі оқиғаларды, елдікке, бірлікке сызат түсіретін келеңсіздіктерді, әр саладағы олқылықтар мен ақсап жатқан тұстарды, адам бойындағы жағымсыз әрекеттер мен мінездерді сынға алған туындылары енген. Әр әңгімені оқи отырып, сіз өз заманыңызды танисыз, айналаңыздан әлі де бір жүйеге түспеген көптеген кем-кетікті байқайсыз.
Кітап қалың оқырманға арналған.