Жаңа кітаптар
Әз Тәуке және Әлмерек
Қауғабай Ораз.
Әз Тәуке және Әлмерек
Белгілі қаламгер, танымал қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың Әлмерек әлемін зерттеп келе жатқанына 30 жылдан асты. Әз Тәуке хан тұсында белгілі билердің бірі болған, тарихи тұлға туралы жазған «Әлмеректің бес баласы және Еділ- Жайық» кітабы жарыққа шықты. «Әз Тәуке және Әлмерек» деген атпен жаңа тараулармен толықтырылған кітап әйгілі хан мен белгілі бидің арасындағы қарым –қатынасты шынайы баяндайды.
Словарь терминов
Мартынюк О., Мынбай Д., Таймагамбетов Ж
Словарь терминов
Словарь терминов содержит информацонно-аналитические статьи и охватывает разделы по древнейшей истории, философии, археологии, этнографии, мифологии, истории происхождения искусств.
Иса Бөрі
Жеңіс жолы
Бұл жинаққа ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі профессор Бөрі Исаның ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестрге, домбыра, қобыз, скрипка аспаптарына жазылған бір топ шығармалары енді.
Бұқар жырау
Энциклопедия қазақтың классикалық ауыз әдебиетінің аса көрнекті өкілі, жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының (1693-1787) өмірі мен шығармашылығын, саяси –әлеуметтік, тарихи еңбектерін жіті зерттеп- зерделеумен туындады. «Көмекей әулие»атанған ұлы тұлғаның өмір сүрген заманы, дүниетанымы, Қазақ хандығын нығайтудағы қайраткерлік болмысы, жыраулық поэзияға қосқан жаңашылдығы, халыққа қалдырған мол мұрасы- ұрпақтың мәңгілік рухани қазынасы.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Арқаның ақ таңы
Бұл жинаққа Арқа өңіріндегі жыр таңы боп арайлап атқан бір топ ақын қыздардың шығармалары топтастырылды. Шуағы да, қуаты да бар, өмір – тіршіліктен түйгені көп, тілі түсінікті әрі құнарлы жыр жолдары сезімді қытықтап, жан –дүниені жадыратады. Кейде болмыс, тағдыр, кісілік жайлы ауыр ойға сүңгітіп алып, азаматтық, адамгершілік, өмір мұраты жайлы толғанысқа жетелейді.
Жинақ жырсүйер оқырманға арналған.
Мұқан Иманжанов. Алғашқы айлар
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көріп отырған бұл кітапқа белгілі жазушының әңгімелері мен повесі енгізілді. Жазушы шығармаларында ауылдағы мектеп өмірі, жастардың тыныс-тіршілігі, жасампаз еңбегі, адамгершілік ізгі қасиеттері шынайы суреттеледі.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Шәмшиден Әбдіраман, Теңізбай Рахымжанов, Иген Хасенұлы. Шығармалары
«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шығып отырған бұл жинаққа белгілі қаламгер Шәмшиден Әбдіраман, Теңізбай Рахымжанов, Иген Хасеновтердің таңдамалы туындылары топтастырылған.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
ілеуғазы Бейсембек, Қасым Ботанов, Руслан Нұртай. Шығармалары
Бұл жинаққа Жазушылар одағының мүшелері, айтулы ақындар- Тілеуғазы Бейсембек, Қасым Ботанов, Руслан Нұрбайдың таңдаулы туындылары топтастырылып отыр. Кеудесіндегі сыр толы сандықтарын сыршыл өлеңдерімен жайып салатын жүректер лүпілі ақтарылып қана қоймай, саналарға қозғау салып, ақын мен адамзат арасындағы алтын көпірді ақжарма жырмен жалғайды.
Жинақ жырқұмар оқырманға арналған.
Сарыарқа Тәуелсіздік жылдарында
Жинаққа өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы Қарағанды облысының журналистері жазған мақалалар, сұхбаттар мен очерктер енген. Онда еліміздің басты өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығының бірі болып табылатын өлке өміріндегі елеулі өзгерістер көрініс табады. Кітаптың материалдары бұрын жергілікті баспасөзде жарық көрген. Шын мәнінде, мұның өзі бірегей өлкеміздің шежіресі.
Жүсіпбек Алтайбаев. Шығармалары
Белгілі жазушы – сатирик, танымал журналист, шебер аудармашы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Алтайбаевтың бұл жинағына әр жылдары жазған сықақтары, бірқағарлары, әңгімелері мен повестері енген. Мұндағы шығармалардың оқиғасы тартымды, тілі ширақ.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.