Толық шығармалар жинағы
Фариза Оңғарсынова.
Толық шығармалар жинағы.
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі толық шығармалар жинағы- тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық- көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын- өз заманының ар- ожданы десек, әлемдік мәні зор. Поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Ф.Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.
Он екі томдықтың әр томы көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Әрбір кітап беташары поэзиясы әдебиетіміздің классикасына айналған үркердей топтың ішінде өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға мен оның шығармалары туралы сыр- баянға толы.
Бұл он екі томдық толық шығармалар жинағын көзі тірісінде ақын апамыздың өзі том-томға бөліп , баспаға ұсынуға дайындап қойған еді. Кітап шығару барысында ақынның сол қалауынан ауытқымауды басшылыққа алғанымызды айтқымыз келеді. Әр том мазмұны Ф.Оңғарсынованың сіңлісі, осы толық шығармалар жинағының құрастырушысы Алмагүл Оңғарсыновамен жан-жақты келісіп, тиянақталды.Махамбеттің семсер жырының қуат, Құрманғазының серпер сертінен шуақ алған Фариза ақын арамызда жоқ болса да Фаризасының ғажайып мол мұрасы-шығармаларын күтіп отырған қалың ел, қадірлі қауым, жүректес жамағат, тілектес орта бар. Сондықтан Ақын аманатын қалтқысыз орындау біз үшін әрі мәртебе, әрі жауапкершілігі зор парыз деп білдік.
Бұл тоғызыншы томға Ф.Оңғарсынованың әр жылдары жазған портреттері мен мақалалары енген.