Жаңа кітаптар

Ей, менің құла бестім

Шойбекова Г.

Ей, менің құла бестім

Хикаяттар, әңгімелер

 

Жазушы Гүлзат Шойбекованың бұл жинағы жаратылыстың бастау көзінен мәңгіліктің сарытап сүрлеуіне дейінгі сан алуан тақырыптарды қамтиды. Адамдық асыл қасиеттер мен адамзаттық ортақ құндылықтарды ортаға салып ой қозғайды. 

Гүлзат Шойбекова прозасының басты  ерекшелігі – тазалық, ізгілікке ұмтылып, ақиқаттан адаспай, адамдық, танымдық һәм мәңгілік құндылықтар арқылы бүгінгі оқырмандарға жан жылуын сыйлауы деп білеміз. 

Өзіндік жазу үлгісімен ерекшеленетін автордың бұл кітабы да оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.

Сөз хикмет

Кемелбаева А.

Сөз хикмет

Эсселер, мақалалар, сұхбаттар

 

«Сөз хикмет» атты бұл кітапқа жазушы, әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаеваның көркем эсселері мен әдеби, өнертану, ғылымтану сұхбаттары енген. 

Кітапқа қазіргі қазақ әдебиетіне теориялық-аналитикалық талдау жасалған әдебиет танытқыш, әдебиет зерттеуге арналған ғылыми мақалалар мен көркем эсселер, интеллектуальды сұхбаттары енді.

Жазушының ғылыми тұрғыдан нысан етіп алған классикалық әдебиеттің тұлғалары: Ибн Рабиа, Дулат Бабатайұлы, Абай, Иманжүсіп, Георгий Гребенщиков, Марина Цветаева, Әлкей Марғұлан. 

Бұл кітапқа сондай-ақ, қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің 40 шақты көрнекті өкілдерінің шығармашылығы жайлы зерттеу мақалалары да енген.

Кітап әдебиетті тереңдеп оқытатын жоғары және орта оқу орындары мен сөз өнерін қастерлейтін көзі қарақты жұртшылыққа арналады. 

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 

Сырлытас

Ислам Д.

Сырлытас

Өлеңдер

Ақын Д. Исламның «Сырлытас» жинағындағы өлеңдері идеялық ерекшеліктеріне орай «Ай Абыз дертті қозғайды», «Сезімімнің саусақтары жүзіксіз», «Махаббат та ертегі тыңдай білсең/Қиялыңды құндақтар бір шындығы» атты үш бөлімге бөлініп беріліп отыр. Тәуелсіз елдің бақыты, әлеуметтің көңіл күйі, қоғам психологиясының ішкі  иірімдері, шынайы сезімнің нәзік әуендері ұлттық дүниетаным тереңдіктерімен бейнеленуі-ақын өлеңдерінің философиялық  толғаныстар мен концептуальды шешімдер орамына бай келетіндігін көрсетеді. 

«Сырлытас»  өмірді сүйетін,өміртануға, адамтанымға  ұмтылған жүрек көзі-ақыл сөзі бар барша қауымға арналды.

Ақ жауын

Қабанұлы Б.

Ақ жауын

Өлеңдер, толғаулар, поэмалар

 

Шетелде тұратын қазақ ақыны Байыт Қабанұлының «Ақ жауын» атты бұл жыр жинағына оның өлеңдері, толғаулары мен поэмалары еніп отыр. Монғолияның Ерденет қаласында тұратын ақын Монғолия жазушылар  ұйымы сыйлығының иегері, Монғолия елінің мәдениет қайраткері. Бұған дейін ақынның оннан астам жыр кітаптары жарық көрген.

Кітап өлең сүйер көпшілік қауымға арналады. 

 

 

Тырнақшаның ішіндегі әңгіме

Әбілқайыр Қ.

Тырнақшаның ішіндегі әңгіме

Әңгімелер

 

Жазушының «Тырнақшаның  ішіндегі әңгіме» атты кітабына қоғамның дамуына кедергі болған түрлі оқиғаларды, елдікке, бірлікке сызат түсіретін келеңсіздіктерді, әр саладағы олқылықтар мен ақсап жатқан тұстарды, адам бойындағы жағымсыз әрекеттер мен мінездерді сынға алған туындылары енген. Әр әңгімені оқи отырып, сіз өз заманыңызды танисыз, айналаңыздан әлі де  бір жүйеге түспеген көптеген кем-кетікті байқайсыз. 

Кітап қалың оқырманға арналған.  

Собрание сочинений, том 5

Сулейменов О.О.
Собрание сочинений, том 5
Беседы и интервью, часть 1.

Собрание сочинений, том 4

Сулейменов О.О.

Собрание сочинений, том 4

Тюрки в доистории

Собрание сочинений, том 3

Сулейменов О.О.
Собрание сочинений, том 3
Язык письма

Собрание сочинений, том 2

Сулейменов О.О.

Собрание сочинений, том 2

Поэмы

Сүлейменов О.О

Сүлейменов О.О

Собрание  сочинений, том 1 

Стихи

 

Олжас Омарович Сулейменов-известный казахский писатель, поэт, лингвист, публицист, общественный деятель, литературовед, личность планетарного масштаба, чья многогранная деятельность оказала огромное влияние на становление  новой казахской литературы, на растущее национальное самосознание народа и на воспитание у молодого поколения чувства гордости за свою страну, свой народ, свою историю.