Жаңа кітаптар

Жазушы мұражайындағы кітаптар әлемі

Пірәлі Г.

Мұхтар Әуезов. Кітапхана

Жазушы мұражайындағы кітаптар әлемі

 

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің кітапханасы қазақ әдебиеттану ғылымы мен библиографиясында , кітаптану ісінде тұңғыш рет жүйеленіп, зерттеліп, бір ізге түсіріліп, жарық көріп отыр. Кітапта М.Әуезовтің  жеке кітапханасының қоры мен әрбір кітапқа түсірілген белгілер анықталып, бүкіл басылымдар тізімінің библиографиялық сипаттамасы жасалынды. Тегінде тарихи тұлғалардың кітапханасындағы кітаптар, басқа да ақпараттық мәні бар басылымдардың толық тізбесін бөлек басып шығару үрдісі әлемдік тәжірибеде баршылық болғанмен ұлттық әдебиеттануда алғашқы рет жүйеленіп отырғандықтан бұл  еңбек құнды дүние болмақ. Кітапта суреткердің оқыған кітаптарының жақтауларына жазған ойлары, сөздері, өзге де символдық белгілері көрсетіліп, сипатталады. Бұрындары жарияланбаған көптеген әдеби, ғылыми, тарихи мәліметтер оқырман қауымның қызығушылығын тудырары хақ.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Хиқаят, әңгімелері мен ой-толғаныстар

Жүністегі Кәмел

Көне арнаның ізі қайда. 

Хиқаят, әңгімелері мен ой-толғаныстар.

  Жазушы Кәлмел Жүністегінің хикаяттары, әңгімелері мен ой-толғаныстары замана  құбылысы, дәуір қоғам алмасуын өмірдің заңдылығы деп түсіну бар. Әңгімелерінің негізгі арқауы- шыншылдық, турашылдық, сенімділік, қоғамдық ой мен халықтық мүддені көздей айтылған мәнімен құнды. Өміртаным туралы ой-толғамдары  арқылы жалпыадамзаттық биіктіктен үн қатады.

Қасиеттім – Желтоқсан!

Төлепберген Болатбек 

 Қасиеттім – Желтоқсан!

     ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік»Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар  Одағы сыйлығының иегері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген «Қасиеттім- Желтоқсан!» публицистикалық кітабында 1986 жылғы Алматы қаласындағы  Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысын қамтуды көздеген. Соны мен қатар, көтеріліске қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық  ұстанымын көрсеткен зиялыларымыздың, жастарымыздың қайсарлығы туралы сыр шертіледі. Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаһармандардың іс-әрекеттері ашып көрсетіліп, желтоқсандықтардың біразының тізімдері берілген. Автор Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұматты нақты деректермен дәйектейді, желтоқсандық  зиялы қауым болмысын ашуға  ұмтыла  отырып, Желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім  қырларын баяндауды мақсат тұтқан.

Қайран елім. 3 томдық роман

Тойғанбек Әскер

Қайран елім. 3 томдық роман.

       Қаламгер Әскер Тойғанбектің бұл кітабына қазақ тарихына қатысты оқиғалар өзек болған. Алмағайып замандағы  аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүрген әрі батыры, әрі биі  Әлмерек абыздың ел тәуелсіздігі  жолындағы даналығын, қажырлы күресін автор көркем тілмен нанымды баяндайды.

Ақ періште- арманым. Әңгімелер мен хикаяттар

Әлімжан Елен

Ақ періште- арманым. Әңгімелер мен хикаяттар.

  Жазушы Елен Әлімжанның  бұл  жинағына бір топ әңгімелері мен хикаяттары еніп отыр.

  Автордың сөз саптауы, баяндау мәнері, көркемдік шешімдері бір- бірімен қабыса байланысып тұтас дүние құрайды. Туындылардағы  ауыл адамдарының қам-қарекеті, тыныс-тіршілігі табиғи түрде суреттелді.

Сарғайған парақтардағы сағыныш. Ой-толғамдар

Шаштайұлы Жұмабай.

Сарғайған парақтардағы  сағыныш. Ой-толғамдар.

     Қазақ  баспасөзінде  ұзақ  жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан Жұмабай Шаштайұлының  қолтаңбасын кәнігі оқушылар бірден айыра алатыны анық. Әр алуан салада қозғаған тақырыптары, шығармашылық  тұлғалар туралы жасаған портреттері, өмір құбылыстарына үңіліп, ой сарабына салған толғаныстары өз уағының тамыр лүпілін дөп басқандығымен ерекшеленеді.

Әңгімелер менхикаяттар

Майбас Төрехан. Аңсар.

Әңгімелер менхикаяттар.

    Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірқатар  этнографиялық қысқа әңгімелері мен хикаяттары кіріп отыр. 

  Ұлттық қанық бояумен суарылған бұл шығармалардың оқырмандарға берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда ұлттық психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.

Ұстаз үні. Ой-толғамдар

Жүніс Әбдісаттар.

Ұстаз үні. Ой-толғамдар.

    Қаламгер  Әбдісаттар   Жүніс – өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне  арнап келе жатқан ұстаз. Сонымен бірге автор қолына қалам салмақты да ойлы мақалалар, сырлы да нәзік лирикалық өлеңдер жазып келеді. Бұл кітапқа оның көп уақыттан бері тірнектеп  жинаған ұлылардың ұлағатты ойлары, қанатты сөздері, төрттағандары, ыстық-суығы мол ұстаздық  қызметтің қыр- сырлары жөніндегі толғаныстары еніп отыр.

Таңдамалы шығармалары

Байғұт Мархабат

Таңдамалы шығармалары 

І том 

   Мархабат Байғұттың  таңдамалы шығармалар жинағының бірінші томына «Интернаттың баласы», «Патефон» хикаяттары және «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жалбыздының жағасында», «Варвараның көмбесі», «Уран ұрған» сияқты басқа да оқырман ықыласына бөленген әңгімелері енгізілді.

Бейнес сусыны

Жұртбай Тұрсын

Бейнес сусыны.

   Жазушы Тұрсын Жұртбай  «Бейнес сусыны»   атты толғау –эссесінде шығармашылық психологиясы атты аса құпия  да  сырлы әлемнің жұмбақ та сиқырлы әлемі туралы сыр шертеді. Сол құбылыстарды суреткерлердің өмірі арқылы тәмсіл етеді.