Ұстаз үні. Ой-толғамдар
Жүніс Әбдісаттар.
Ұстаз үні. Ой-толғамдар.
Қаламгер Әбдісаттар Жүніс – өзінің саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан ұстаз. Сонымен бірге автор қолына қалам салмақты да ойлы мақалалар, сырлы да нәзік лирикалық өлеңдер жазып келеді. Бұл кітапқа оның көп уақыттан бері тірнектеп жинаған ұлылардың ұлағатты ойлары, қанатты сөздері, төрттағандары, ыстық-суығы мол ұстаздық қызметтің қыр- сырлары жөніндегі толғаныстары еніп отыр.