Жаңа кітаптар

Шығармалар жинағы

Нұрлан Оразалин

Шығармалар жинағы

Оқырман назарына ұсынылып отырған сегізінші томға Н.Оразалиннің өткен ғасырдың 70-90 жылдары аралығында жазылып, республика театрларында кеңінен қойылған, қойылып келе жатқан «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Қырғын» атты пьесалары енгізілді.

Оқырман жұртшылық аталмыш томнан автордың театр, драматургия, жалпы өнер проблемаларына арналған әр жылдар бедерінде жазылған мақалаларын да оқи алады.  

Сандалған сауал

Ермахан Шайхыұлы

Сандалған сауал

Қоғамды сатирасыз, ал күйбең тіршілікті ойын-күлкісіз, әзіл-әжуасыз көзге елестету әсте мүмкін емес. Қазақ – қалжың-қылжаққа, қисық та қыңыр сөзге құмар халық. Оны тек көре және жаза білу керек. Бұл сөзімізге белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қолыңыздағы кітабы дәлел бола алады. Бұл «Сандалған сауал» атты жинаққа қаламгердің  соңғы уақытта жазған сатиралық шығармалары топтастырылған.

Кітап күлкі сүйер оқырман қауымға арналған.

Қиямет-қайым ғасыры

 

 

Елубаев Смағұл

Қиямет-қайым ғасыры

 

Белгілі қаламгер Смағұл Елубаевтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Қиямет-қайым ғасыры» ойтолғауы мен әңгімелер, хикаяттары еніп отыр. Заман тарихын ашып көрсеткен осынау тамаша дүниелер кез келген оқырман қауымға арналған.

Ақ боз үй

Елубаев Смағұл

Ақ боз үй

 

Көрнекті жазушы Смағұл Елубаевтың бұл таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі «Ақ боз үй» трилогиясы кірді. «Ақ боз үй» өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман. Оқырман назарына жинақтағы «Ақ боз үй» романының мейлінше ықшамдалып ширатылған жаңа нұсқасы ұсынылып отыр. 

Өтіп еді сол заман нақ осылай

 

Оразбек Нұрмахан

Өтіп еді сол заман нақ осылай 

 

Кітап 1939 жылдың көктемінде өткен БК (б) П-ның XVIII съезінің өкіметті халыққа жақындату саясатына орай 1939 жылы қара күзде құрылған Фрунзе ауданының жылнамасын жасауға арналған. Қазақ әдебиетінің деректі проза жанрында бұл нақ осыны  көздейтін тұңғыш еңбек. Кітап болашақта «Бір ауданның жылнамасы» сериясына мұрындық болар деп үміттенеміз. Кітап барша оқырман қауымға арналған. 

Көптомдық шығармалар

 

Әшімханұлы Дидахмет 

Көптомдық шығармалар 

 

Белгілі жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханұлының көптомдық шығармаларының 2-томына әңгімелері мен әдеби эсселері, публицистикалық мақалалары енгізілген.

Бұл томда шығармалардың қай-қайсынан да адамға деген сүйіспеншілік, кейіпкерлер жандүниесі алдымен көрінеді.

Әй, дүние-ай

 

Нұржеке-ұлы Бексұлтан

Әй, дүние-ай

 

Жазушының бұл романындағы оқиға 75 жыл аралығын қамтиды. Бас кейіпкер Шәйі Тілеуліқызы 1916-жылғы ұлт азаттық көтерілісін де, 1986-жылғы Желтоқсан көтерілісін де бастан кешеді. Оның тағдыры – қазақ халқының тағдыры. Шығарма 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлім «Дейін» - кеңес өкіметіне дейінгі кезеңді, «Кейін» - патша өкіметінен кейінгі дәуірді суреттесе, «Түйін» бөлімі осы екі дәуірдің жан-жақты түйіткілі мен тәлімін көркем бейнелейді. 

Шығарма аз сөзбен көп ойды меңзеу мақсатында жазылған. 

 

Демографиядан демократияға дейін

 

Татимов М.

Демографиядан демократияға дейін

 

Қазақ халқының демографиясын ғылыми тұрғыдан алғаш зерттеу жұмыстарын бастаған әйгілі ғалым даярлаған осы еңбек өте күрделі және  өзекті мәселелерге арналған. Еңбекте демографтың өмірбаяндық ой толғаныстарымен қатар ұлттық мүдде мен  қоғамдық тіршілік мәселелері көп қозғалады. Сонымен қатар «Жас тұлпардың» демографиялық дала тыңындағы қиын, әрі шырғалаң алғашқы ізгі және жемісті іздері сипатталған.

Еңбек көпшілікке арналған ғылыми мемуар-естелік ретінде қазақ және орыс тілдерінде кесте, сызбалармен толықтырылып оқырмандарға ұсынылады.

 

Таңдамалы

 

Асқаров Әлібек 

Таңдамалы

 

Жазушының таңдамалы шығармалар жинағының алтыншы томына өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған бірнеше деректі әңгімелері, саясат жазбалары, баспасөз бетінде жарық көрген кейбір мақалалары мен сұхбаттары, сондай-ақ қоғамдық өзгерістерге қатысты қаламгердің ой-толғамдары топтастырылды. Кітап қалың оқырманға арналады.

Сыр мен Сарысу

Балғабаев Сұлтанәлі

Сыр мен Сарысу

Көрнекті қаламгер,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақ ПЕН-клубы сыйлықтарының лауреаты Сұлтанәлі Балғабаев қазақ әдебиетінің көркем проза, драматургия және публицистика жанрларында қырық жылдан астам уақыттан бері өнімді еңбек етіп келеді.

Қаламгердің үш  томдық шығармалар жинағының «Сыр мен Сарысу» деп аталатын бірінші томына қаламгердің «Дала мен дария», «Ұрпақ», «Кіндік қаның тамған жер» атты оқырмандарға жақсы танымал повестері енген.

Бұл шығармаларына жазушы өзі туып-өскен Сарысу даласы мен Сыр бойындағы жерлестері мен замандастарының тұрмыс тіршілігін, болмыс бітімін, жан дүниесі мен алуан түрлі тағдырын арқау еткен.

Кітап көпшілік қауымға арналған.