Жаңа кітаптар

Қазақ мемлекеті: қағанаттар,ұлыстар мен хандықтар баяны

Омарбеков Т.

Қазақ мемлекеті: қағанаттар,ұлыстар мен хандықтар баяны

Қазақтың белгілі тарихшысы,ғалым Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын-ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр.

Автор шығарманы жазу барысында көптеген тарихи мұрағаттар мен деректерге, мәліметтерге сүйене отырып, дәйекті пікірлер келтірді. Кітап қазақ елі тарихына қызығушылық танытатын жас зерттеушілерге,студенттер мен оқушыларға,жалпы қалың оқырман қауымға арналады.

Өмір өтті...

Жақыпбек Есенқұл.

Өмір өтті...

Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақыны,жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары,қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең-жырлары еніп отыр.

Немере

Әкімқұлов Е.

Немере

Жазушы Еркінбай Әкімқұловтың «Немере» атты жинағына кезінде оқырман қауымының жылы ықыласына ие болған бір топ хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр

Сағым дүние

Иса И

Сағым дүние

Белгілі ақын Ибрагим Исаның «Сағым дүние» атты жинағына терең ойға,нәзік сезім иірімдеріне толы бір топ өлең-жырлары еніп отыр.

Ақын дәуір тынысын дөп басып, замандастарының арман-мақсаттарын, күйініш-сүйініштерін өз туындыларына өзек ете отырып ,биік мұраттарға, асқақ адамгершілікке, адалдыққа шақырады. Ол сонымен бірге халық арасына кеңінен таралған көптеген әндердің мәтіндерін жазған автор ретінде де белгілі.

Қазақ хандығы және тарихи аңыздар

Әбсадықов А.

Қазақ хандығы және тарихи аңыздар

XV-XIX  ғасырлар белесі-қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасып, тәуелсіз Қазақ хандығы мемлекетін құрған дәуірі.Тарихшы-ғалым Алмасбек Әбдісадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты зерттеу кітабына осы кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел билеген хандардың,билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің,батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған.   Аңыздар дерегіне деген жұрттың қызығушылығының,рухани құндылықтарды пайымдау маңызды мәселеге айналып келе жатқан бүгінгі заманымызда да арта түспесе,кемімек емес.

Бақыты үшін басқаның

Жұмағалиев М

Бақыты үшін басқаның

Бұл кітапқа белгілі ақын Мұхамедия Жұмағалиевтің әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Туып өскен жері-Көкшетау,оның қайталанбас ғажайып табиғаты, ағайын-туыс, дос-жаранға деген ыстық ықылас,заман уақыт туралы толғаныс-ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы.

М.Жұмағалиев жырлары сыршыл да шынайы,тосын да тұшымды ой-түйінімен жанға жақын,жүрекке жылы.

Парыз бен пайым

Тайжанов А.

Парыз бен пайым

Кітапта қазіргі заман тұрғысынан жаһандану тұсындағы Тәуелсіз елдің рухани-мәдени құндылықтары, тәрбиесі мен білімі, ұлттық болмысы мен тарихи санасы, ұлттық танымы мен тағлымы, дүниетанымы сөз болады. Сондай-ақ, Тәуелсіз елдің ұлттық мәдениеті мен әдебиеті, тілі мен ділі,діні мен дәстүрі диалектикалық тұрғыдан пайымдалады. Кітапта автордың әр жылдарда тәуелсіздік, ел болашағы, ұлт болмысы, кәсіптік деңгей, ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, адам болмысы туралы баспасөзге берген сұхбаттарының бірқатары қамтылған.

Еңбек көпшілік оқырманға, әртүрлі деңгейдегі оқу орындарының оқушыларына, студенттеріне, ізденушілерге, жалпы еліміздің рухани-мәдени өмірі мен келелі мәселелеріне қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.

Жан-арымның жарығы

Сәрсек Жарас

«Жан-арымның жарығы»

Ақын  Жарас Сәрсектің  «Жан-арымның жарығы» атты жинағына әр жылдары жарық көрген өлеңдері,сұхбаттары еніп отыр.Сыршыл қаламгер қай шығармасында да оқырманымен ашық сырласа отырып,жан-дүниесін тербеткен ой-толғамдарымен бөліседі.

Бесік жыры-басты жыр

Сарбалаұлы Б.

Бесік жыры-басты жыр

Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де  батыл полемикаға барады. Соңғы кезде жазылған прозалық,поэзиялық, сондай-ақ сыни еңбектерді бүгінгі кезеңнің рухына сәйкес әрі жан-жақты таразылайды.

Боз жусан иіс боз далам

Өтегенов А.

Боз жусан иіс боз далам

Ақын А.Өтегенов шығармаларының тақырып аясы кең. Басты кредосы-өз оқырманының жүрегіне отансүйгіштік сезімін егу. Еліміз әлі еркіндік алмаған сонау тоталитарлық кеңес заманында да Атырау мен Маңғыстаудың шежіресі мен тарихына терең үңіле білген ол балаларымен өз оқырмандарын елең еткізген еді. Сонымен бірге тәуелсіздігіміздің туын жоғары ұстай білуге де өзге жас қаламгерлерді жетеледі. Елбасымыздың саясатын кеңінен насихаттайтын публицистикалар мен көркем топтама өлеңдер жазды.