Жаңа кітаптар
Айшуақ
Мұратбек Оспанов
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, белгілі ақын Мұоатбек Оспановтың бұл кітабына енген өлеңдері көпшілікті ой тұңғиығына жетелейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Замана тынысы
Асабаев Зәкір
Белгілі жазушы-журналист Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамдағы толассыз жүріп құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, эссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық. Кітапқа күллі бір кезең, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Отырар алқабы
Байпақов К.М.,Алдабергенов Н.О
Отырар алқабы
Фотоальбомда Отырар және Отырар алқабының археология,өнер және қолөнер ескерткіштері көрсетілген.
Мәңгілік Елім менің
Антология поэзии «Мәңгілік Елім менің-Вечная Страна моя»
Эта книга – своеобразный поэтический венок нашей родине, имеющей богатую и разнообразную культуру, неисчерпаемые природные богатства, великолепные по красоте ландшафты, удивительные исторические и культовые памятники, глубокие духовные и нравственные традиции-вечные ценности, которые держат человека на земле, питают его душу, давая ему силы обустраивать жизнь, созидать страну счастья – Мәңгілік Ел.
Впервые создана книга, в которой собраны произведения авторов, представляющих многонациональную литературу Казахстана, все многообразие этносов нашей страны : казахов, русских, уйгуров, курдов, узбеков, татар, белорусов, немцев, корейцев, чеченцев, турок, дунган и т.д. В антологию вошли лирические, лиро-эпические, филосовские, публицистические стихи 50 поэтов, представленные на их родных языках и в переводе на русский.
Өнер іздері
Еркінбеков Ж
Өнер іздері
Қолыңыздағы кітапта белгілі мемлекет, қоғам және өнер қайраткері Жексенбек Еркінбеков қазақ өнері мен мәдениетінің өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап,бүгінгі күндеріне дейінгі шежіресінен салиқалы сыр шертеді.
Оның қол жеткен табыстары мен ішінара кемістіктері автор тарапынан шынайы суреттеліп,нақты деректер келтіріледі. Кітаптардың ұқытары мол,оқуға жеңіл.Өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленері даусыз.
Сайын Мұратбеков
Мұратбеков С
Таңдамалы
Белгілі жазушы Сайын Мұратбековтің бұл таңдамалы шығармасына кезінде оқырманы жылы қабылдаған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Бекеннің құбылысы», «Каментоғай», «Күзгі бұралаң жол», «Басында үш қараның..», «Отау үй» секілді әңгімелері, «Жабайы алма» хикаяты еніп отыр.Бұл туындылардың қай-қайсысында да адамдар арасындағы қарым-қатынас,адамшылық ұғымдары ортаға тартылады.
Ақселеу Сейдімбек
Сейдімбек А
Шығармалары
Көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақстан Республикасы сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің көзі тірісінде жарық көрген көркем туындылары мен очерктері беріліп отыр.
Еңбектерін сұрыптап,жүйелеп,түзетіп,толықтырып баспаға әзірлеген қаламдас досы Қойшығара Салғараұлы мен Перизат Ақселеуқызы.
Біз қонақжай елміз Мы гостеприимная страна
Құлбаев И
Біз қонақжай елміз – Мы гостеприимная страна
Альбом белгілі қазақ суретші- Игілік Құлбаевтың шығармашылығына арналған. Кітапта суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылығы туралы кең сипаттама берілген. Ұсынылып отырған альбом қазақ суретшінің өнерінің рухани-эстетикалық талғамын қалыптастырудағы ролін арттыратыны сөзсіз.
Альбом посвящен творчеству известного казахского художника-Кулбаев Игилик. В издании дано широкое описание не только его художественных произведений,но и творчества. Предлагаемый альбом несомненно сыграет большую роль в формировании духовно-эстетического вкуса казахского монументального искусства.
Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері
Бейсенбайұлы Ж
Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері
Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, негізінен, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. Олардың тас дәуірлеріндегі климаттық жағдаяттарға байланысты әр тарапқа таралу бағыттары мен сол қауымдардың кейінгі ұрпақтарының неолит, энеолит замандарында сероглазов, мақанжар, атбасар, көнешұңқыр, ботай секілді бірқатар түздік мәдениеттер аясында тіршілік кешкеніне, көптеген этномәдени нышандардың өзара сабақтас екендігіне назар аударылады.
Кітап авторы Ж.Бейсенбайұлы- белгілі жазушы,зерттеуші,шоқантанушы. Филология ғылымының кандидаты.Оның бұған дейін халқымыздың ежелгі этномәдениетіне арналған «Арғы түріктер ақиқатының ізімен» зерттеу кітабы, «Орталық Азиядағы арғытүрік сипатты мәдениеттер:этнотектік аспектілер» атты ғылыми монографиясы жарық көрген.
Шығармалары-Сочинения
Бөкейхан Әлихан
Шығармалары – Сочинения
Бұл томда 1903-1905 жылдары «Степной край» (Омбы), «Семипалатинский листок» (Семей), «Сын отечества» (С-Петербор) газеттерінде жарияланған мақалалар, корреспонденциялар, азанама (некролог), жеделхаттар, «Қарқаралы петициясы», сөйлеген сөздері, ғылыми очеркі мен монографиялары (қой және ірі мал шаруашылықтары), «Щербина экспедициясының» материалдарының VI томы (Семей облысы Павлодар оязы) қамтылды.