Жаңа кітаптар

Кемел Тоқаев шығармалары

Кемел Тоқаев-соғыс тақырыбына арналған сүбелі шығармаларымен қатар, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының жолын ашқан қаламы қарымды көрнекті қаламгер. Оқырманды баурап алар шытырман оқиғалы еөптеген роман, повестерімен, қалың қауымның ықылас-ілтипатына бөленген қаламғердің көп томдығының бірінші кітабына «Солдат соғысқа кетті» романы мен «Түнде атылған оқ», «Тасқын» повестері берілді.   Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Медаль за город Будапешт

Бекбосын Аргынбай

Великая Отечественная война, которая 70 лет тому назад завершилась великой победой была не только жесточайшими сражениями планетарного масштаба, но и строжайшим нравственным испытанием как на фронте, так и в тылу. И к несчастью не все выдержали его.Слабость, измена, в конце концов, подлость одних обернулись трагедией   для других как это сличилось с отважным солдатом Али – главным героем повести «Медаль за город Будапешт» из одноименного сборника писателя Аргынбая Бекбосына.

Сын сардары

Бұл кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Платиналы тарлан» сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау, Түркістан қалаларының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, профессор Әшімбек Сығай туралы әріптестері мен достарының, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері топтастырылған. Қоғам қайраткері, қазақ театр сынының майталманы әрі ұлағатты ұстаз-Әшірбек Төребайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы тартымды әңгімеленген.

Замана тынысы

Асабаев Зәкір

Белгілі жазушы-журналист Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамдағы толассыз жүріп құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, эссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық. Кітапқа күллі бір кезең, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Родник у озера

Ахметов Темирбулат

В сборник «Родник у озера», являющийся третьей книгой из цикла «Детективное агентство “Барс”», вошли роман с одноименным названием, повесть «Багдадский гамбит» и остросюжетные новеллы.В романе отражена вся наша эпоха, начиная с послевоенных лет и по настоящее время, ибо это вся жизнь главных героев Темирбулата Ахметова: сотрудников специальных служб Дастана Темирова и Владимира Татаринцева, начиная с далекого их детства и до момента принятия решения о создании своего детективного агентства.                                                              Произведения читаются легко, захватывают внимание с первых строк;лирика, мелодрама мастерски переплетаются с остросюжетными историями, автор не скрывает своих твердых интернациональных убеждений. 

Жылдар,жылдар...-байлығым

Сәрсенбай Оразбек

Бір кезде қазақ қоғамын дүрліктіріп,оқырмандарды дау-дамайға түсірген, өзін қуғын-сүргінге ұшыратқан  «1961 жыл»  атты поэмасы, өмірді өз қалпына нанымды суреттей білген шығармалары О.Сәрсенбай – «Әдебиетіміздің ары- оразбекті» оның кітаптарын бас алмай оқып шығатын белгілі новеллашылардың қатарына қосқанын білеміз. Көркем сөздің көрнекті шеберінің бұл кітабына енген әңгімелері, повестері өлеңдері қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған дүниелер ретінде танылуда.

Жетім құлын

Ділдар Мамырбаева

«Жетім құлын» - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани  кемелдену мәселесі адамның ішіне үңілуден басталады.Барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде.Адамның парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы, ішкі қайшылығы жиілейді.Ішкі таразы қай жаққа басым түседі? Оған ой-сезім әлемі бағына ма?Ділдәрдің әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатынжандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.

Өлең-ғұмыр

Ақылай Сәнді

Ақын Сәнді Ақылайдың “Өлең-ғұмыры” жыр әлеміндегі екінші кітабы. Алғашқы жинағы 2003 жылы “Рух патшалығына саяхат” деген атпен жарық көрген.                                    Отанды сүю адамның жүрегіндегі иманында екенін өлеңмен өріп, ұрпақ тәрбиесіне үн қосқан ақынның жырлары оқырманды бей-жәй қалдырмайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Летят журавли

Толымбек Абдраим

В предлагаемый сборник писателя Толымбека Абдраима, имя которого хорошо знакомо юным читателям, вошли короткие рассказы, сказки и басни, даюшие толчок детким фантазиям, мудрые повести.Темы произведений разнообразны, сюжеты занимательны, язык легкий, сочный. Книга адресована школьникам.

Тілтірек

Өмірзақ Айтбайұлы

Академик Өмірзақ Айтбайұлының бұл кітабы да бар өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі. Ол мәдениет, қоғам қайреткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнер туралы толғанса да немесе автор туралы замандастары сөйлесе де қасиетті ана тіліміздің тағдыры тілге тиек етіледі. Кітаптың  “Тілтірек” деп аталуы да сондықтан. Кітап тіл  тағдырын өз тағдырымен байланыстыра білген отаншыл азаматтарға арналады.