Жаңа кітаптар

Времен связующая нить

Ауэзов М

Времен связующая нить

Новая книга Мурата Ауэзова включает научные  монографии по сравнительному изучению национальных литератур и проблемам культурной интеграции, избранные статьи о современных геополитических процессах, доклады на международных симпозиумах, эссе, путевые очерки, дневники и интервью. Тематика и проблематика избранных трудов свидетельствуют о широте научных интересов исследователя, политика, дипломата, общественного и государственного деятеля. Мир кочевья, историко-культурная традиция и современный литературный процесс, эволюция традиционных национальных образов в контексте мировой культуры, полиэтничность и языковые, этнокультурные контакты, концепт «мы и история» являются определяющими.

Феномен Шелкового пути как магистрали информации, движения как условия открытия и узнавания мира, идентичность и диалог, евразийство, топос границы как места встречи культур и цивилизаций-основопологающие идеи книги. Книга-размышление о непобедимой духовности, высокой нравственности, о важности гуманитарного знания и роли культуры в жизни современного общества устремлена в будущее и рассчитана на широкий круг читателей.

Шиповник цветет.... (повести,очерки,рассказы)

Павленко Тамара

Шиповник цветет.... повести,очерки,рассказы.

Как говорит о себе автор: « О чем бы я ни писала-это всегда о любви...» о радостях,печалях и надеждах любви рассказывают две повести Тамары Павленко «Шиповник цветет...», «Поздние яблоки» и три рассказа, помещенных в книгу.Десять очерков книги написаны в 1991-2008 годах, и это тоже своеобразные рассказы о путешествиях,о людях,о времени,в котором нам всем довелось жить.

Они написаны ярким,образным языком,выдают острую наблюдательность автора,умение сделать простой бытовой эпизод штрихом времени,читаются легко и с большим интересом.Они тоже рассказывают о любви-ко всему сущему на земле.

Жизнь без прикрас

Яшкурова О

Жизнь без прикрас

Член Союза писателей Орис Яшкурова является автором ряда книг, вышедших в рамках государственного заказа. Ее поэтическое дарование и мастерство прозаика ярко раскрыты в ранее опубликованных ее произведениях, таких как «Сексеулдің шоғы», «Қараша қаздың қаңқылы» (сборники стихов), «Шенеунікше тактика» (сборник сатирических рассказов) получили высокую оценку соратников по перу и читателя.

В предлагаемом сборнике рассказов и повествований автором с особой колоритностью, демократичностью, глубоким содержанием и сочуствием, любовью к простому казахскому народу переданы будни нынешнего рыночного времени, убежденно-правдиво, реалистически показана жизнь людей из отдаленных аулов,а также городов страны.

Собрание переведен впервые на русский язык и предназначен для широкого круга читателя.

Алаш әдебиеттануы

Ісімақова А

Алаш әдебиеттануы

        Әдебиеттанушы Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегі-ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы,Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі. Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы,Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы жан-жақты талданады.

Монография жоғары және орта мектеп мұғалімдеріне,әдебиет саласындағы барлық мамандарға,ұлттық әдебиет пен тарихты сүйетін жалпы оқырман қауымға арналған.

Қазақтың сал-серілері

Қорабай С

Қазақтың сал-серілері

Жинақта қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы-сал-серілік өнердің қыр-сыры туралы ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұланның, көрнекті фольклортанушы-ғалым Е.Ысмайловтың және басқа ғалымдардың зерттеулері мен пікірлері, ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық қасиеттерімен дараланған, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі әнші, күйші, ақын, өнерпаз, балуан әрі шешен болған атақты Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Шашубай және т.б. көптеген сахара сал-серілерінің сегіз қырлы, бір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген.

Алаш арқауы

Қамзабекұлы Д

Алаш арқауы

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі-Алашқа арқау болған құбылыстар,тұлғалар,ұйымдар,жиындар,ізденістер,оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.

Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

Ұлы дала елі.

Ұлы дала елі.

Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем-мәдени мұралар құндылығына дейін жеткізе алған шебер де талантты халық.

Кітапта Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер (мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б) соңғы мәліметтер бойынша берілген.

«Мен-халқымның Бауыржанымын!...»

Қалдыбай Мамытбек.

«Мен-халқымның Бауыржанымын!...»

Белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты қолбасшы, әскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен орта ерекшелігі, елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіне қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма бір жыл қоян-қолтық араласып, тәлімін көрген ,әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап, көңіліне түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртқа беймәлім сырын мүмкіндігінше кеңінен аша түскен.

Кітапқа енген туындылар тың, тілі көркем, оқиғасы қою, талғампаз оқырман жан дүниесін баурап аларлықтай тәрбиелік,танымдық мәні терең.

Шығармалары. 1 том

Жандыбаев Ғ.

Шығармалары. 1 том

Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр кезеңде жазған өлеңдері,сондай-ақ таңдаулы лирикалары енді.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

Шығармалары.

Әбдіразақов Б

Шығармалары.

Қазақтың белгілі ақыны Бекен Әбдіразақовтың бұл жинағына автордың кезінде қалың оқырман қауым мен әдебиет сыншылары жылы қабылдаған «Тұңғыш кітап», «Махаббат мекені», «Ғашық жан», «Өмір мен көңіл» атты кітаптарындағы өлең-жырлары,балладалары,толғау-дастандары,поэмалары еніп отыр.

Ақынның сыршыл да нәзік туындыларының өн бойынан өмірге деген құштарлық,сүйіспеншілік,туған жерге,Отанға деген ыстық махаббаты айқын аңғарылады.