Жаңа кітаптар

Қалам мен ғалам

Берік Бейсенұлы

Қалам мен ғалам

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Берік Бейсенұлының «Қалам мен ғалам» атты жинағында әр жылдарда «Айқын» газетінде жарияланған тарихи-танымдық мақалалары, ой-толғаулары мен жолсапар жазбалары  берілген. Жинақ «Пікір мен пайым», «Аңыз бен ақиқат», «Ел мен жер» атты бірнеше бөлімнен тұрады.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.   

Финляндияның 100 әлеуметтік инновациясы

Илкка Тайпале

Финляндияның 100 әлеуметтік инновациясы

Көрнекті фин саясаткері, Финляндия Парламентінің екі шақырылымының депутаты Илкка Тайпаленің кітабында тегін білім алу, қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, студенттік жәрдемақылар және парламенттік демократия сияқты фин елінің кең ауқымды қамтиды. Кітапта саны жағынан көп әлеуметтік инновациялардың алуан түрлері қамтылады, бұл оның оқылуын тартымды әрі қызықты ете түседі.  

Абылайдың ақ туы

Ұзақбай Доспанбетов

Абылайдың ақ туы

Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы» атты тарихи романының екінші томында ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған, осыдан үш ғасыр бұрынғы қазақ-қалмақ соғысының соңғы кезеңі суреттелген. 

Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің

Қайрат Лама Шариф

Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің

Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең  алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыз үшін зор құндылықтарға ие. Автор өз кітабында діннің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына қатысты мәселелерді қозғайды. 

Түнекті түрген найзағай

Қанафияұлы Назарбек

Түнекті түрген найзағай

Ш.Ш. Уәлиханов туралы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуына ықпалы жайында кеңінен мәлім. Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті өмірінің осы бір тұстары нақты деректер арқылы баяндалған. 

Менің елім

Сәттібай Көсемәлі

Менің елім

Белгілі жазушы-журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады.      

Сезім сәулесі

Әлсейіт Оспан

Сезім сәулесі

Жазушы Әлсейіт Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр. Кітаптың тілі көркем, дәйектері орнықты, ойлары салмақты.     

Жеңіс перзенттері

Ахетова Амантай

Жеңіс перзенттері

Амантай Ахетовтің «Жеңіс перзенттері» романы соғыстан кейінгі ұрпақтардың  тағдырын қамтыған. Бұл – өз отанына деген адалдық пен отансүйгіштік мұраттары және адамдық келісім мен бірлік атмосферасында  тәрбиеленген соғыстан кейінгі жылдары туылған перзенттердің тағдыры туралы серпінді әңгіме.   

Бостандық жырының бозжорғасы

Бостандық жырының бозжорғасы

Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы ағалары, кейінгі інілері, заманы бір қатарластарының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған бұл кітап бүгінгі әдебиет сүйер оқырманға, әдебиет зерттеулеріне таптырмайтын құрал. «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.   

Парасат пен Пайым

Пірназар Серік

Парасат пен Пайым

Белгілі журналист, қаламгер Серік Пірназардың бұл жинағына бір топ публицистикалық туындылары еніп отыр. Бұл еңбекте автордың еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл көлеміндегі айшықты оқиғалар мен баяндалады.

Шығармаға дәуір тынысы, халқымыздың тәуелсіздікті баянды ету жолындағы жасампаз еңбегі арқау  болған.