Новые книги

Менің елім

Сәттібай Көсемәлі

Менің елім

Белгілі жазушы-журналист, публицист Көсемәлі Сәттібайдың «Менің елім» атты публицистикалық жинағында қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі тұстағы халықаралық аренада алған орны, әлемдік өркениетке қосылып демократиялық қоғам орнатудағы жеткен жетістіктері жайлы кеңінен айтылады.      

Сезім сәулесі

Әлсейіт Оспан

Сезім сәулесі

Жазушы Әлсейіт Оспанның бұл жинағына еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жеткен толайым табыстары жайлы ой-толғаныстары, публицистикалық мақалалары, көркем туындылары еніп отыр. Кітаптың тілі көркем, дәйектері орнықты, ойлары салмақты.     

Жеңіс перзенттері

Ахетова Амантай

Жеңіс перзенттері

Амантай Ахетовтің «Жеңіс перзенттері» романы соғыстан кейінгі ұрпақтардың  тағдырын қамтыған. Бұл – өз отанына деген адалдық пен отансүйгіштік мұраттары және адамдық келісім мен бірлік атмосферасында  тәрбиеленген соғыстан кейінгі жылдары туылған перзенттердің тағдыры туралы серпінді әңгіме.   

Бостандық жырының бозжорғасы

Бостандық жырының бозжорғасы

Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы ағалары, кейінгі інілері, заманы бір қатарластарының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған бұл кітап бүгінгі әдебиет сүйер оқырманға, әдебиет зерттеулеріне таптырмайтын құрал. «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.   

Парасат пен Пайым

Пірназар Серік

Парасат пен Пайым

Белгілі журналист, қаламгер Серік Пірназардың бұл жинағына бір топ публицистикалық туындылары еніп отыр. Бұл еңбекте автордың еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл көлеміндегі айшықты оқиғалар мен баяндалады.

Шығармаға дәуір тынысы, халқымыздың тәуелсіздікті баянды ету жолындағы жасампаз еңбегі арқау  болған. 

Дневник полководца

Қолбасшы күнделігі

Дневник полководца

Бақытбек Смағұлдың «Қолбасшы күнделігі – Дневник полководца» атты бұл кітабы елі емірене қадірлейтін, білімін – бағдар, өмірін – өнеге, тағдырын, талантын, тазалығын – тағылым тұтатын асылымыз, ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен құрастырылған.  

Алтын діңгек

Жолболсын Шайқақов

Алтын діңгек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» деп аталатын кітабында: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш  тұтамын» деп жазғаны бар. Сайып келгенде, халқының қадіріне жеткен ғана осылай дейді. Елбасымыздың өмір жолына тереңірек үңіліп, барынша зерделеген оқырман оның бойындағы асыл қасиеттер, ең алдымен, әке қанымен, ана сүтімен, олардың өмір өнегесінен дарығанына көз жеткізеді. Әкесін асқар тау, анасын мөлдір бұлақ тұтпайтын перзентболмайды. Мейлінше қарапайым, барынша кісілігі мол жандардың саясында өскен құрақ бүгін алып бәйтерекке айналса, Қазақстан сияқты іргелі елдің көшін бастаған ұлы тұлғаға айналса, ол да асыл әке Әбіштің, аяулы ана Әлжанның жемісі. Ендігі әңгіме де осы кісілердің өмірі туралы. 

Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне түркілік сарын

Сәуле Ержанова

Ежелгі дәуір әдебиетіндегі көне түркілік сарын

«Ежелгі дәуір әдебиетіндегі  көне түркілік сарын» атты бұл кітап халқымыздың әбден көмескі тартқан көне тарихын бүгінгі рухпен сабақтастыруды мақсат ете отырып, ел мен жерді сақтар айбар мен намыстың жоқтаушысына айналған айбынды жырлардың бүгінгі поэзиядағы көрінісіне талдау жүргізеді. Ежелгі дәуір кезеңіндегі жырларды қазіргі поэзияның айқындаушы бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Түркілік сарын арқылы ата-бабамыздың қалдырған мұраларының ерекшеліктері мен олардың әдеби туынды ретіндегі көркемдік қуатын бағамдап алға тартады. 

Бәсекеге қабілеттілігі

Азамат Байтасов

Бәсекеге қабілеттілігі

Ғылыми еңбек бәсекеге қабілеттілікті және Қазақстан Республикасының бәсекеге\ қабілеттілігін арттырудың мүмкіндіктерін зерттеуге арналған.

Күнделікті зерттеу мәселесі география ғылымындағы акценттерді қайта қарап, олардың маңыздыларын да, маңызды еместерін де бассқаша қырынан баяндауға мүмкіндік береді. Сондықтан географиялық және экономикалық зерттеу аясында бұл ғылыми еңбектің өзіндік жаңалығы бар, өзекті жұмыс болып табылады. Ғылыми еңбек жаңа статистикалық мәліметтерге, әрі географиялық қағидалар мен деректерге негізделіп жазылған.   

Аспантау

Алмат Исәділ

Аспантау

Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңба қалыптастырып, ерекше өлең өрнегімен оқырман жүрегіне жол тапқан ақын, аудармашы,журналист Алмат Исәділдің бұл кітабында бұған дейін әдеби ортада лайықты бағасын алған «Жолдар,жолдар», «Көңілалаң», «Көкжиекке сіңген жол» сынды жыр жинақтары мен басылымдарда  жарық көрген туындылары мен ой-толғамдары және кейінгі жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған.