Новые книги

Ұлылық пен мәңгілік

 

Мұқибекұлы Ауыт.

Ұлылық пен мәңгілік

 

Алыста жүрген ағайын тағдырына алаң көңіл ақын бұл кітабында Ұлт Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақ Елін құру, өркендету, дүниежүзіне таныту жолындағы Ұлы еңбектері мен шекара сыртындағы қандастарымызды Атажұртқа оралту жөніндегі дана шешіміне деген өзінің  ризалығын, жүрекжарды қуанышын асқақ шабытпен  тебірене жырлайды. Президентіміздің  сенімді серігіне, ұлт мақтанышына айналған бір бөлім ел ағаларына, замандастарына арналған ақжарма тілегі мен адал пейілі ерке Есілдей кемерінен асып төгіліп жатады. Сондай-ақ, Ұлы Дала төсінде бой түзеген Мәңгілік Елдің жаңа  астанасын жауһар жырларымен жарқырата түседі.

Шырағым-ай

Құл-Керім Елемес

Шырағым-ай

 

Бұл кітап ізгілікті ту етеді. Кітаптың басты мақсаты – тәрбиенің  тұнық  бұлағы ұлттық таным арқауын берік ұстана отырып балаларды ата-анамен, қоғамдағы әр түрлі жағдайлармен арасындағы байланыстың тереңіне, даналыққа, тапқырлыққа, ізгілікке, сенімге шақырады. Олар жайлы сананы айшықтайды.  Кітап ата-аналарға,  ұстаздарға, жалпы оқырманға арналған.

Қуатбек Ерқанат

Жас ақын Қуатбекұлы Ерқанаттың бұл жинағы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге елдікті, бірлікті және отанға деген сүйіспеншілікті жырлаған, ту көтерген арда халықтың төлтума қасиеттерін  ұлықтаған өлеңдері енген. Екінші бөлімде туған топыраққа тағзым етіп сан тақырыптарға ой толғаған  лирикалық өлеңдері, үшінші бөлімде «Сыр қызына сағыныш» атты ғазалдары енген.

Бүгінгі таңда жастар арасында өз өлең өрнегімен ерекшеленген Ерқанаттың бұл кітабы оқырман қауымның  ықыласына бөленеді деп сенеміз.

2015 жылғы басты оқиғалардың фотобаяны

Президент

2015 жылғы басты оқиғалардың фотобаяны

 

Бұл фотоальбомда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2015 жылы елімізде және халықаралық аренада өткен маңызды іс-шараларда түсірілген фотоматериалдар топтастырылды.

Физика әлемі

Физика әлемі

пәндік энциклопедиясы

 

«Физика әлемі»  пәндік энциклопедиясы – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды егжей – тегжейлі терең мазмұнды болып баяндалады. Құбылыстың құпия сырлары қалыптасқан теория аясында түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің оқушыларына көп көмек тигізбек. Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін оқу құралы ретінде де пайдалануға лайықты анықтамалық болары сөзсіз.

Табиғат  құбылыстарының пайда болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырмандардың  танымдық білімін арттырмақ.

 

Қазақстан – Ресей

 

Әдеби альманах

Қазақстан – Ресей

 

Қазақстан – Ресей әдеби альманағының екінші шығарылымы 30-40 жастағы әдеби толқынның шығармашылығына арналды. Нақ осы толқын өткен ғасыр мен осы ғасыр арасындағы әдеби шыңырауды аса көп қиындықсыз еңсере алған болатын. Осылар ғана жаңа Қазақстан мен жаңа Ресейдің әдеби процесін белгілі бір мөлшерде жаңалай алды. Сондықтан да бүгін қол жетпеген биіктер емес, еңсерілген асулар туралы айтуға болатын шығар.

Ұлы дала жаңғырығы

Өмірзақ Шанов

Ұлы дала жаңғырығы

 

Кітап танымал қазақ мүсіншісі, В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемөнер институтының түлегі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі – Шанов Өмірзақтың шығармашылығына арналған.

Суретші туындыларының шығармашылық ауқымы кең әрі алуан түрлі. Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының бірінен алған кәсіби білімі, тума таланты және ішкі мәдениеті шебердің өнерін әрдайым көркемдік пен руханилықтың биігіне шығарады.

Тастан қашалған әуен

Қадырхан Кәкімов

Тастан қашалған әуен

 

Альбом белгілі қазақ мүсіншісі – Қадырхан Кәкімовтың шығармашылығына арналған.

Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге оның шығармашылығы туралы кең сипаттама берілген. Ұсынылып отырған альбом қазақ мүсін өнерінің рухани-эстетикалық талғамын қалыптастырудағы рөлін арттыратыны сөзсіз.

Суретшінің толғауы

Серікбай Әлжан

Суретшінің толғауы 

Серікбай  Әлжан 1980-90 жылдардағы белгілі қазақ суретшілері қатарына жатады. Оның шығармашылық өмірбаяны да суретші ретінде қалыптасу жолында өріліп отырды.

С.Әлжанның шығармалары кескіндеме мектебінің реалистік бағытынан сыр шертіп, тұрмыстық сюжет жанрларына ұқсас келеді. Сол сияқты әлеуметтік тақырыптарды бейнелеу де суретшіге тән нәрсе. Яғни, суретшінің халықтық тақырыпқа жан-тәнімен берілуі шығармашылығында ерекше көрініс тапқан.

Суретшінің туындыларынан халықтық тарихы мен тағдыры, оның құнды және бай мұрасы мен мұндалайды.

Жанымды сыйладым халқыма

Исабаев Исатай

Жанымды сыйладым халқыма

Альбом танымал қазақ график-суретшісі Исатай Исабаевтың шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой-толғамдары берілген. Осының бәрі суретшінің нағыз ұлттық, қайталанбас шеберлігі мен сан қырлы қолтаңбасы бар суретші ретінде тұтастай әсерге бөлесе, дара графикалық мәнерімен өлшеусіз із қалдырғанын қазақ мәдениетінің мұрасына ауқымды қызмет еткен кеңдігімен ғана бағалауға болады.