Новые книги
Сөз құдіреті
Орда Г.
Сөз құдіреті
Зерттеулер мен мақалалар
Кітапқа автордың соңғы жылдары жазған зерттеулері мен мақалалары топтастырылған. Бірінші бөлімдегі зерттеулер тәуелсіздік тұсында жазылған шығармаларда қаламгерлердің негізінен тарихымызды түгендеуге бет бұруын танытса, екінші бөлімдегі шығармашылық портреттер бүгінгі қазақ әдебиетінің аяқ алысын бағамдайды. Зерттеуші қазіргі қазақ әдебиетінің қол жеткізген жетістіктерін жекелеген қаламгерлердің шығармалары арқылы саралайды.
Үшінші бөлімге жекелеген кітаптарға жазған рецензиялары мен Ж.Ысмағұлов, Ә.Нарымбетов, Т.Кәкішев, Б.Майтанов сынды әдебиеттанушы-ғалымдар туралы мақалалар мен естеліктер топтастырылған.
Кітап әдебиеттанушы-ғалымдар мен докторанттар, магистранттарға және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.
Біздің көшенің аңыз-әпсаналары
Махфуз Н.
Біздің көшенің аңыз-әпсаналары
Роман
«Египеттің Бальзагы» аталған Н.Махфуздың бұл романының оқиғасы, кейіпкерлерінің іс-әрекеті «Біздің көшемізде өтіп жатқанымен, іс жүзінде оның географиялық аумағы кең – Бүкіл Таяу Шығысты, үш монотеистік діннің бесігі болған қасиетті жерлерді қамтиды». Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттегі, Құран мен Сирдегі – Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянындағы аңыз-әпсаналарды жазушы көшенің негізін салған Ғабалауи және оның балалары мен жұрағаттарының тарихын, көше тұрғындарының сан ұрпағының ауыздан-ауызға айтып келе жатқан оқиғаларына айналдырып, халықтың хикая-хисса түрінде баяндайды.
Ол иудаизмнің, христиандық пен исламның пайда болу тарихын адамзатты бақытты өмірге жеткізуге ұмтылатын әділдікке құштар ұлы адамдардың қимыл-әрекеттерінің нәтижесі ретінде бейнелейді.
Жүрек жұтқан
Адырбекұлы К.
Жүрек жұтқан
Деректі повесть
Кеңестер Одағының Батыры, Бас командованиенің резервіндегі алысқа ұшатын 47-ші гвардиялық әуе барлаушы полкінің ұшқыш-барлаушысы Плис Нұрпейісовтің Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлік істері бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып, патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз.
Ал соғыс ардагері Зейнел-Ғабидин Темірғалиевтің бастан кешкен қилы-қилы тағдыры оқырмандарды бей-жай қалдырмасы анық. Оның фашистерге еріксіз тұтқынға түсіп, Бухенвальд концлагерінде, содан соң «Отанын сатқан» деген айыппен жиырма бес жылға сотталып, Колонада ақталғанша он жыл жан түршігерлік азапты басынан кеше жүріп, досқа адалдығы, әділдік пен шындық үшін күресі тартымды баяндалады. Ұрпақты өмірдің ауырпалығын мойымай көтеруге, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелейді.
Бұл екі деректі повесть және әңгімелер жалпы оқырманға арналған.
Тяжкие времена
Кажигали Муханбеткалиулы
Тяжкие времена
Роман
В истории Казахстана XVIII век является самым тяжким временем, характеризующимся усилением давления соседних государств, - в том числе колониальной политики царской России, - и попаданием ханской власти в кризисную ситуацию внутри страны.
В такой тяжелой обстановке известные люди Великой степи, - знатные бии, батыри и предводители родов, - во главе с Байбахтинцем Сырымом Датулы, решительно взяли бразды правления в свои руки, и вывели народ из этого тупикового положения.
Исторический роман «Тяжкие времена» известного казахского писателя, лауреата Государственной премии Республики Казахстан К.Муханбеткалиулы повествует именно об этих событиях, широко охватывая все перипетии взаимоотношений не только героев произведения, но и сопредельных с казахами народов.
Думаем, что в этом убедятся сами читатели по прочтении данного романа.
Өмір – тарих
Сәрсенбай О.
Өмір – тарих
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Баспа және полиграфия істері саласының қайраткері, белгілі жазушы әрі баспагер марқұм О.Сәрсенбайдың бұл кітабына оның 2004, 2014 жылдары жарық көрген «Өмірнама» кітаптарындағы қаламгер күнделігінің жалғасы автордың дүниеден қайтарға дейінгі хронологиялық ретпен, сондай-ақ кезінде жұртшылықтың жақсы лебізіне бөленген «Ұйқың тыныш болсын», «Қосқұдықтың басында» атты әңгімелері мен «Таңбалы тас», «Ағабектің ақыры» атты повестері енді.
Таңдамалы
Дәуренбеков Жақау
Таңдамалы
Хикаялар мен әңгімелер
Белгілі қаламгер, Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Жақау Дәуренбековтың шығармаларының 1-томына бір шоғыр әңгімелері мен хикаялары топтастырылған.
Өмір, адам тағдыры, қилы ситуациялар туралы өзіндік стилмен жазылған бұл дүниелер көркемдігімен, өмірлік стилмен ерекшеленеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Бір жұтым күн
Нұрғожаев Жақыпжан
Бір жұтым күн
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ұзақ жылдар бойы мерзімдік баспасөз саласында басшылық жұмыстарда болған Құрметті журналист Жақыпжан Нұрғожаевтың шығармалар жинағының 1-томына автордың әр жылдары алуан тақырыпта жазған әңгімелері мен мақала, очерктері, публицистикалық ой толғаныстары енді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Бір тамшы
Исәділ А.
Бір тамшы
Өлеңдер
Ақын-аудармашы Алмат Исәділдің бұл кітабына әр жылдары жазылған дәуір тынысы, табиғат тылсымы, сезімдер арпалысы, адамзат тағдыры, кеңістік пен уақыт жайлы сыр шертетін жырлары топтастырылған.
Кітапқа бүгінгі заманның шындығын ашуға ұмтылған шығармашылық иесінің ізденістері арқау болған. Ұлттық бояумен көмкерілген ақын шығармаларының тақырыбы ауқымды, айтары анық, ойы терең.
Бақыттың кілті
Тоқашбаев М.
Бақыттың кілті
Отбасылық құндылықтар, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тәртібі
Ерлі-зайыпты журналистер Марат Тоқашбаев пен Раушан Каршалованың «Бақыттың кілті» атты кітабы отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған. Бүгінгі электроника ғасырында өмір сүру жеңіл көрінгенімен, бақытты отбасын құру оңай емес. Тіршіліктің шым-шытырық бұралаңдарынан адаспай өтіп өз жұбыңды табу, тағдырыңды тапсырған адаммен тіл табысу тек иман мен төзімнің, ақыл мен сабырдың арқасында ғана мүмкін.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Марафон
Кеңесбай Т.
Марафон
Повестер мен әңгімелер
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында қазақ әдебиетіне келген буынның талантты өкілі Талғат Кеңесбай – жаңашыл жазушы. Жазушының оқырмандарға ұсынып отырған. «Марафон» атты бұл кітабына бірнеше повестері мен әңгімелері топтастырылған.
Шығармаларының тілі жеңіл, көркемдік ерекшеліктері оқырманның арман-қиялын шарықтатып, мол әсерге бөлейді.
Кітап әдебиет сүйер қауымға арналған.