Новые книги
Қара жердің кіндігі
Төреғали Тәшенов
Қара жердің кіндігі
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төреғали Тәшеновтің бұл жинағына әр жылдардағы мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған тарихи –танымдық мақалалары, публицистикалық ой-толғаулары, көзқарастары, журналистік жазбалары сұрыпталып біріліп отыр.
Ер едігенің тарихы
Жұма-Назар Асанұлы
Ер едігенің тарихы
Кітап Ер Едігенің шынайы тарихы таңбаланған. Монография әйгілі «Қырымның қырық батыры» циклдік жырын, қазақтың өткен тарихын білейін, зерттеймін деген мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға да пайдалы.
Өз елім - өркениетім
Қуат Бораш
Өз елім - өркениетім
Публицист-журналист Қуат Бораштың «Өз елім - өркениетім» кітабына отанға деген сүйіспеншілік, ата-мекенді ардақтау, қазақ халқының әлемдік өркениеттегі орны, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық сананың жаңғырту үдерісі, рухани-мәдени кеңістікті сақтап қалудың өзекті мәселелері арқау болады.
Құланның ажалы
Ақан Нұрманов
Құланның ажалы
Аз ғана ғұмыр кешсе де соңына өшпес мұра қалдырған жазушы Ақан Нұрмановтың бұл кітабына «Құланның ажалы» романы мен бірқатар хикаяттары енді.
Романның негізгі желісі – 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт азаттық көтерілісі. Еңбек еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарық көріп отыр.
Жан-дауыс
Марат Тоқашев
Жан-дауыс
Жазушы – журналист Марат Тоқашевтың есімі республика жұртшылығына жақсы таныс. Қаламгердің «Жан-дауыс» атты жаңа кітабы ел мен жер тарихына қатысты публицистикалық еңбектерінен, зерттеу жұмыстарынан, соңында айта жүрерліктей із қалдырған тұлғалар туралы очерктерінен құрастырылған.
Әлеуметтік мәселелер мен ұлт перзенттерінің сан тарау тағдыры – жинақтың басты тақырыбы.
Қалам мен ғалам
Берік Бейсенұлы
Қалам мен ғалам
Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Берік Бейсенұлының «Қалам мен ғалам» атты жинағында әр жылдарда «Айқын» газетінде жарияланған тарихи-танымдық мақалалары, ой-толғаулары мен жолсапар жазбалары берілген. Жинақ «Пікір мен пайым», «Аңыз бен ақиқат», «Ел мен жер» атты бірнеше бөлімнен тұрады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Финляндияның 100 әлеуметтік инновациясы
Илкка Тайпале
Финляндияның 100 әлеуметтік инновациясы
Көрнекті фин саясаткері, Финляндия Парламентінің екі шақырылымының депутаты Илкка Тайпаленің кітабында тегін білім алу, қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, студенттік жәрдемақылар және парламенттік демократия сияқты фин елінің кең ауқымды қамтиды. Кітапта саны жағынан көп әлеуметтік инновациялардың алуан түрлері қамтылады, бұл оның оқылуын тартымды әрі қызықты ете түседі.
Абылайдың ақ туы
Ұзақбай Доспанбетов
Абылайдың ақ туы
Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы» атты тарихи романының екінші томында ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған, осыдан үш ғасыр бұрынғы қазақ-қалмақ соғысының соңғы кезеңі суреттелген.
Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің
Қайрат Лама Шариф
Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің
Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыз үшін зор құндылықтарға ие. Автор өз кітабында діннің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына қатысты мәселелерді қозғайды.
Түнекті түрген найзағай
Қанафияұлы Назарбек
Түнекті түрген найзағай
Ш.Ш. Уәлиханов туралы, оның Қазақстан ғылымының қалыптасуына ықпалы жайында кеңінен мәлім. Еңбекте қазақ халқының ұлы перзенті өмірінің осы бір тұстары нақты деректер арқылы баяндалған.