Новые книги
Бақыты үшін басқаның
Жұмағалиев М
Бақыты үшін басқаның
Бұл кітапқа белгілі ақын Мұхамедия Жұмағалиевтің әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Туып өскен жері-Көкшетау,оның қайталанбас ғажайып табиғаты, ағайын-туыс, дос-жаранға деген ыстық ықылас,заман уақыт туралы толғаныс-ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы.
М.Жұмағалиев жырлары сыршыл да шынайы,тосын да тұшымды ой-түйінімен жанға жақын,жүрекке жылы.
Парыз бен пайым
Тайжанов А.
Парыз бен пайым
Кітапта қазіргі заман тұрғысынан жаһандану тұсындағы Тәуелсіз елдің рухани-мәдени құндылықтары, тәрбиесі мен білімі, ұлттық болмысы мен тарихи санасы, ұлттық танымы мен тағлымы, дүниетанымы сөз болады. Сондай-ақ, Тәуелсіз елдің ұлттық мәдениеті мен әдебиеті, тілі мен ділі,діні мен дәстүрі диалектикалық тұрғыдан пайымдалады. Кітапта автордың әр жылдарда тәуелсіздік, ел болашағы, ұлт болмысы, кәсіптік деңгей, ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, адам болмысы туралы баспасөзге берген сұхбаттарының бірқатары қамтылған.
Еңбек көпшілік оқырманға, әртүрлі деңгейдегі оқу орындарының оқушыларына, студенттеріне, ізденушілерге, жалпы еліміздің рухани-мәдени өмірі мен келелі мәселелеріне қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.
Жан-арымның жарығы
Сәрсек Жарас
«Жан-арымның жарығы»
Ақын Жарас Сәрсектің «Жан-арымның жарығы» атты жинағына әр жылдары жарық көрген өлеңдері,сұхбаттары еніп отыр.Сыршыл қаламгер қай шығармасында да оқырманымен ашық сырласа отырып,жан-дүниесін тербеткен ой-толғамдарымен бөліседі.
Бесік жыры-басты жыр
Сарбалаұлы Б.
Бесік жыры-басты жыр
Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де батыл полемикаға барады. Соңғы кезде жазылған прозалық,поэзиялық, сондай-ақ сыни еңбектерді бүгінгі кезеңнің рухына сәйкес әрі жан-жақты таразылайды.
Боз жусан иіс боз далам
Өтегенов А.
Боз жусан иіс боз далам
Ақын А.Өтегенов шығармаларының тақырып аясы кең. Басты кредосы-өз оқырманының жүрегіне отансүйгіштік сезімін егу. Еліміз әлі еркіндік алмаған сонау тоталитарлық кеңес заманында да Атырау мен Маңғыстаудың шежіресі мен тарихына терең үңіле білген ол балаларымен өз оқырмандарын елең еткізген еді. Сонымен бірге тәуелсіздігіміздің туын жоғары ұстай білуге де өзге жас қаламгерлерді жетеледі. Елбасымыздың саясатын кеңінен насихаттайтын публицистикалар мен көркем топтама өлеңдер жазды.
Өмір өткелдері
Жұмабайқызы Г.
Өмір өткелдері
«Айқын» газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы,Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гулнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған.
Қазақ халқы тарихында елге ерен еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар сан салада баршылық.Олар бірден тұлға,танымал болып туған жоқ. Олардың да өсу,қалыптасу кезеңі,бір сөзбен айтқанда өмір жолы бар. Осы жолда түрлі белестен асқан. Қиын да қызық жағдайларды басынан өткізген.Олар бүгінде бір отбасының,әулеттің емес,күллі қазақтың қамын күйттеп,елдің келешегі қандай болмақ деп ой толғайды.Тәуелсіздігімізді сақтап,еңсеміздің биік болуы үшін не істемек керек деп толғанады.
Кітап қалың оқырманға арналған.
Соғады сен деп жүрегім
Томанов С
Соғады сен деп жүрегім
Ақын Серік Томановтың бұл кітабына оның құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында жазып үлгерген таңдамалы жауһар жырлары топтастырылған.
Ақын жыр сүйер қауымды өзімен бірге ойлантады, қуантады, мұңайтады, рухтандырып, шабыттандырады. Халқының көркем тілін, кестелі сөзін, тапқыр теңеулерін санаға құяды.
Өлеңмен өткен өмірім
Жайлауов Ө
Өлеңмен өткен өмірім
Белгілі ақын Өкім Жайлауовтың есімі жұртшылыққа жақсы таныс.Әр қаламгердің өзіндік шығармашылық өрнегі,шебершілік ерекшелігі болады десек, Ө.Жайлауов жырларын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізе аламыз. Оның ақындық алымына,қаламгерлік қарымына,өлеңдерінің қисындық түзіліміне еріксіз ден қоясыз.
Нәрлі тамырлар
Қорабай С
Нәрлі тамырлар
Әдебиет зерттеуші Серікқазы Қорабайдың әдеби-танымдық зерттеулер жинағында қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезеңдерінен терең сыр шерткен көкейкесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазуындағы «Дана Хикар хикаясы», «Құмандар кітабы» сияқты ортағасырлық қыпшақ әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады,Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады.
Кітап ұлт мәдениетінің жанашырлары мен тарих,әдебиет мәселелерін зерттеуші мамандарға,бүкіл оқырман қауымға арналған.
Біздің Әшірәлі
Тасыбекова Т
Біздің Әшірәлі
Қолыңыздағы талантты сахнагер жөнінде жазылған естеліктер кітабының «Біздің Әшірәлі» деп аталуында үлкен мағына жатыр. Шынында да, бүкіл әріптестері оны еркелете осылай атайтын. Жұртқа жағымды, жайдары, жайлы жігіт еді. Айналасындағыларға сүйкімі зор өнерлі азамат еді. Осынау естеліктер жинағының өнбойында ,сондай бір жылылық лебін, жағымды лебіздер тасқынын сезінгендей хал-күйге түсеріңіз хақ. Қысқа ғана, небәрі 55 жылдық ғұмырында өз көрермендерінің қиялын сан-саққа жүгірте алған аяулы да айтулы актердің соңына қалдырған сахналық мұралары туралы тебіреніске толы сырлар шерткен әріптестерінің шынайы пікірлері оқырман қауымды сүлесоқ қалдырмасына сенімдіміз.
Ендеше, «Біздің Әшірәлі» өнерпаз жолы жайында құрастырылған қызғылықты жинақ.Тек,ден қойғаныңыз жөн,құрметті өнерсүйер қауым!