Новые книги

Зергерлік өнер әлемі. Мир ювелирного искусства.

Кітапқа қазақ зергерлік өнерінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі бірқатар озық үлгілері мен байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен бүгінгі белгілі қолөнер шеберлердің туындылары қамтылды.

Зергерлік өнер әлемі. Мир ювелирного искусства.

Кітапқа қазақ зергерлік өнерінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі бірқатар озық үлгілері мен байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен бүгінгі белгілі қолөнер шеберлердің туындылары қамтылды.

Кәусар дүние

Раисова Бақытжан

Белгілі ақын Бақытжан Раисованың бұл жинағына лирикалық өлеңдерімен қатар, ел тәуелсіздігіне арналған толғау, поэмалары еніп отыр. Ақынның жырлары шынайылығымен ерекшеленеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Өмірдің соңғы бір сәті

Шәкен Күмісбайұлы

Автордың бұл жинағына  кейініректе жазылған павестері мен көптеген әңгімелері кіріп отыр.Заман ағымына сай жазылған шығармалар өмір шындығын саралап, толғауы тоқсан толғақты мәселелері тілге тиек етсе, әңгімелері де бүгінгі уақыттың бетбедеріндегі сан қилы өмір белесіне жетелейді.Аз жазса да, саз жазатын қаламгердің шығармалары негізінде ауыл адамдарының қилы-қилы тағдырының күнгейі мен көлеңкесіне тоқталады.Жақсылығына қуанады, жамандығынан арылудың жолдарын іздейді. Оқиғасы қызық, тілі көркем кітап оқырман көңілінен шығады деген ойдамыз.

Иманасов Сәкен шығармалар жинағы

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың таңдамалы шығармалар жинағының бесінші томына оның қаламдастары мен замандастары жайлы жазылған эсселері мен пайымдаулары, арнау өлеңдері еніп отыр. Кітап  көпшілік қауымға арналған.

Ғұмырдың кемел шағы бар

Нәзікен Алпамысқызы

Бұл белгілі ақын Нәзікен Алпамысқызының мемлекеттік тапсырыспен шығарып отырған алғашқы жыр жинағы.Ақын Нәзікен Алпамысқызының 80 жылдық мерейтойына байланысты оның шығармашылығы жайлы халқымыздың белгілі ақын-жазушыларының әр жылдары жазған пікірлері де осы кітапта беріліп отыр. Ақынның өзіндік дүниетанымынан туған философиялық мән-мағынаға толы жыр шумақтары көпшілік оқырманға арналған. 

Безінген ләйлек

Қайсар Әлім

Жазушы қайсар Әлімнің бұл кітабына таңдамалы шығармалары топтастырылған. «Мекке, Мәдинам менің!» хикаятында имандылықтың алтын арқауы діңгектері туралы тебіреніс-сезім тереңнен  жан толғанысымен тартылса, «Сейілмейтін мұңда» трагедиялық өмір қалтарысы рухани қажырлылықпен тарамдалады, күрескерлік шыңдалысты тәнтілей түседі. Сондай-ақ «Безінген ләйлек» пьесасы атом тажалымен айқастың зарналасынан сабақ түйіндеуімен құнды. Кітаптың тілі көркем, мазмұны бай әрі тағылымы мол.

Қазына

Қойшығара Салғараұлы

Белгіліғалым-жазушы, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік сыйлығының және «Күлтегін» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қойшығара Салғараұлының бұл еңбегі қазақ халқының тарихын халықтың өз таным-түсінігі негізінде қайта  пайымдаудың қажеттілігін , халықтың ауызша тарихының деректерін жазба дереккөздерімен  салыстыра зерделеу арқылы оқырманды шынайы төл тарихымен табыстыруға болатынын, жазба дереккөздерінде жоқ деректердің халықтың тілінде сақталып қалатынын жан-жақты дәлелдейді. Сондай-ақ  «Аталар сөзі-дерек көзі» бөлімінде берілген материалдар да  оқырманын баурап алатын жаңалықты ойларға толы.  Автордың пайымдаулары тың да тосындығымен қызықтырады, тиянақты дәлелдеулерімен сендіреді. Тілі көркем,әдеби шығармадай жеңіл оқылады.

Семиречье

Синельников Михаил

Ранние годы известного московского поэта, лауреата многих российских и международных премий Михаила Синельникова прошли в Центральной Азии. Пожизненная любовь и тяготение к Востоку – явных свойства его поэзии. Ощущение от необозримой степи, тянущейся за окном поезда, относится к числу самых первых, ярких, глубоко впечатляющих и незабываемых переживаний.Позже Синельников нередко бывал в Казахстане, судьба подарили ему дружбу с замечательными казахскими писателями,поэтами.

Векторы внешней политики

Токаев Касым-Жомарт

Том «Векторы внешней политики» (девяностые годы ХХ века)- известного дипломата, государственного деятеля Касыма-Жомарта Токаева посвящен внешней политике Казахстана на азиатском и европейском направлениях, суверенного Казахстана со странами Американского континента, сотрудничеству с международными организациями. Книга предназначена дипломатам, специалистам-международникам, всем, кто интересуется вопросами международной политики последнего десятилетия прошлого века.