Новые книги
Кәдірбек Сегізбайұлы
Жылдың ең қысқа күндері
Бұл жинақта кезінде оқырмандар жылы қабылдаған туындылар топтастырылған. Бірнешеуі әр жылдары балаларға арналған шығармалардың республикалық жабық конкурстарында басты жүлделерге ие болған. Жазушы бала жанын, мінез-құлқын дөп басып бейнелей алуымен ерекшеленеді. Оқиғалар оралымды, тілі тұшымды да шұрайлы. Кітап мектеп жасындағы шәкірттерге арналған.
Жекен Жұмақанов
Мазаббат пен мансап
Жазушының бұл қайта жарық көріп отырған «Махаббат пен мансап» топтамасына осы аттас повесть пен «Орман патшасы» повесі топтастырылған. Бұлардың алғашқысы «Бірінші әңгіме» және «Екінші әңгіме» деп аталатын дербес екі туындыдан тұрғанмен, тақырып өзегі, идеясы бір, өзара үйлесімді дүниелер. Ал «Орман патшасы» повесі сонау сұрапыл соғыс жылдарынан хикая шертеді. Жазушы шығармаларының мазмұны тартысты, кейіпкерлер образдары шебер сомдалған, тілі жаттық, келісті, көркем. Кітап жастар аудиториясына, қалың оқырман қауымына арналған.
Сыңғыр
Нысаналин Аян
Қалың оқырман алдындағы тағы да таңдау мүмкіндігі туды. Қазақтың белгілі ақыны Аян Нысаналин жиырмадан астам жыр жинағын шығарып, әдебиет пен өнердің қадау-қадау тақырыптарына белсенді араласып,қалам тартып жүрген дарабоз дарын. Ол қалай жазса да ешкімді бейжай қалдыра алмайды. «Сыңғыр» атты бұл кітабының бірінші бөлімінде оның шығармашылығы туралы ұлттық поэзияның патриархы Ә. Тәжібаев, мэтрлер К.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Қайырбеков, Қ.Мырза Әлі және басқа үлкенді-кішілі әріптестерінің жүрекжарды лебіздері берілсе, екінші бөлімі тұтастай өнердің осы түрінің хал-жайы, көкейкесті күрделі мәселелері хақында түбегейлі сөз қозғалады. КСРО тарқамай тұрған кезде Р. Ғамзат, Е. Евтушенко, Б.Ахмадулина, Б.Кенжеевпен жүзбе- жүз кездесіп, пікір өрбітеді.Екі ғасыр тоғысындағы поэзия жанрындағы проблемалар тілге тиек етіліп,рухи көкжиектер көкселеді.
Тастандының тағдыры
Батыр Дәлелбек
Белгілі жазушы Дәлелбек Батырдың «Тастандының тағдыры» атты романы қазіргі заманның өзекті мәселесі-тастанды бала проблемасын сөз етеді. Кітаптың басты кейіпкері Гулназира әкесінің қысымымен өз сәбиін тастанды етугемәжбүр болады. Бақытсыз жағдайға тап болған студент қыздың өкініші бүкіл романжелісін құрайды. Сәбисіз ерлі-зайыптылар Төрегелді мен Гүлстанның тастанды баланы асырап алудағы әрекеттері де шығармада әсерлі көрініс береді. Қазіргі қазақ әдебиетінің проза жанрында аталмыш тақырып тұңғыш рет көтеріліп отырғандықтан кітап осысымен де оқырмандарына зор әсер етеді деген сенімдеміз. Шығарма тілі жатық, ой-толғамдары терең, мазмұны тартымды.
Хранители сокровенного
Досанов Сабит
Двадцатипятилетний исторический путь, пройденный нашей страной за годы независимости, преодолен только благодаря силе и мощи созидательного труда народа Казахстана под мудрым руководством Президента РК-Елбасы Нурсултан Назарбаева. Как преодолевалисб многие трудности на этом пути, какие усилия предпринимались и воплощалисбь для реализации поставленных задач в различных сферах нашей жизни, размышлнения автора в предлагаемой широкому кругу читателей книге.
Ел мүддесі – ерлер еншісі
Тілепов Жұмат
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы Жұмат Тілеповтың үш томдық шығармалар жинағы – автордың «Тарих және әдебиет», «Елім деп еңіреген ерлер жыры», «Қазақ поэзиясының тарихилығы», «XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы һәм жыраулар мұрасы», «Таным мен тағылым», «Ел мүддесі-ерлер еншісі», секілді ғылыми монографиялары мен оқу құралдарының, сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті тарихы. 3-том», «бабалар сөзі.65-том» т.б іргелі еңбектердегі зерттеулерінің негізінде құрастырылған. Кітап жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарына, докторанттары мен ұстаздарына, сондай-ақ, қазақ халқының өткен тарихы мен әднбиетіне ықыласы ерекше зерттеушілер мен ғалымдарға, көпшілік оқырманға арналған.
Өмір сүрсем... кеш емес
Әбдішова Жанар
Жанар Әбдішованың «Өмір сүрсем.. кеш емес» аталатын кітабына мерзімдік баспасөзде жарияланған, оқырманға жақсы таныс бір топ туындылары енген. Кейбір әңгімелерінің тақырыптары автордың қалауымен өзгертіліп басылды. Тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнеленген. Негізгі кейіпкерлері-әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсысы да жүрекке жол тауып, оқырманын селсоқ қалдырмайды, еліктіріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.
Сүмбіле жұлдыз туғанда
Сәрсенбек Бекмұратұлы
Ақын Сәрсенбек Бекмұратұлының бұл жинағына тәуелсіз елімізге, ана тілімізге, дінімізге, ата салт-дәстүрімізге және Отанды сүюге арналған өлеңдері арқау болған. Сонымен қатар, ақынның бұл жыр кітабына поэмалары, дастандары, балладалары мен сюжетті өлеңдері де енген. Кітап қалың оқырманға арналған.
Нұрмахан Оразбек
Бұл кітап қазақ баспасөзінің қара нары, білікті аудармашы, жалынды журналист Нұрмахан Оразбектің өмірі мен қызметіне арналған. Бірінші бөлімде «Ғұмыр! Ол ұзақ болсын, қысқа болсын, артына өз ізін, өз жылнамасын қалдырады» деп, қызығынан көрі қиындығы көп болған өмір жолын өзі толғайды. Екінші бөлімге ол кісімен қызметтес, әріптес, жора-жолдас болған адамдар мен ең жақын туыстарының естеліктері топтастырылған. Кітап, қазақ баспасөзінде айтулы із қалдырған Нұрмахан Оразбектің есімін мәңгіге қалдыру мақсатында шығарылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ана сүті
Әбділдәұлы Орысбай
Қым-қиғаш тіршілікте әр алуан тағдыр кешіп жүрген үлкенді-кішілі жұмыр басты пенделер көңіл-күйіндегі қуаныш пен ренішті, шаттық пен шарасыздықты арқау еткен шағын-шағын шығармалар шоғыры қалайда ой тереңіне сүңгітеді, қилы-қилы қызғылықты оқиғаларға ортақтастырады. Қаламгер жүрегінің лүпілі адамгершілік, адалдық, мөлдірлік пен тазалық, шыешылдық пен шынайылық желісімен жетелей түседі. Отан сүйгіштік рух, патриоттық сезім, өмірге, өнерге ғашықтық атой салатын жүрекжарды жазбалар қай жастағы оқырманға да нәп-нәзік иірімдерімен ыстық көрінері кәміл. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.