Новые книги

Жылдар,жылдар...-байлығым

Сәрсенбай Оразбек

Бір кезде қазақ қоғамын дүрліктіріп,оқырмандарды дау-дамайға түсірген, өзін қуғын-сүргінге ұшыратқан  «1961 жыл»  атты поэмасы, өмірді өз қалпына нанымды суреттей білген шығармалары О.Сәрсенбай – «Әдебиетіміздің ары- оразбекті» оның кітаптарын бас алмай оқып шығатын белгілі новеллашылардың қатарына қосқанын білеміз. Көркем сөздің көрнекті шеберінің бұл кітабына енген әңгімелері, повестері өлеңдері қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған дүниелер ретінде танылуда.

Жетім құлын

Ділдар Мамырбаева

«Жетім құлын» - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани  кемелдену мәселесі адамның ішіне үңілуден басталады.Барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде.Адамның парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы, ішкі қайшылығы жиілейді.Ішкі таразы қай жаққа басым түседі? Оған ой-сезім әлемі бағына ма?Ділдәрдің әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатынжандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.

Өлең-ғұмыр

Ақылай Сәнді

Ақын Сәнді Ақылайдың “Өлең-ғұмыры” жыр әлеміндегі екінші кітабы. Алғашқы жинағы 2003 жылы “Рух патшалығына саяхат” деген атпен жарық көрген.                                    Отанды сүю адамның жүрегіндегі иманында екенін өлеңмен өріп, ұрпақ тәрбиесіне үн қосқан ақынның жырлары оқырманды бей-жәй қалдырмайды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Летят журавли

Толымбек Абдраим

В предлагаемый сборник писателя Толымбека Абдраима, имя которого хорошо знакомо юным читателям, вошли короткие рассказы, сказки и басни, даюшие толчок детким фантазиям, мудрые повести.Темы произведений разнообразны, сюжеты занимательны, язык легкий, сочный. Книга адресована школьникам.

Тілтірек

Өмірзақ Айтбайұлы

Академик Өмірзақ Айтбайұлының бұл кітабы да бар өмірін қасиетті ана тіліміздің тағдырына арнаған жан тебіренісі. Ол мәдениет, қоғам қайреткерлері туралы сөз қозғаса да, білім, ғылым, өнер туралы толғанса да немесе автор туралы замандастары сөйлесе де қасиетті ана тіліміздің тағдыры тілге тиек етіледі. Кітаптың  “Тілтірек” деп аталуы да сондықтан. Кітап тіл  тағдырын өз тағдырымен байланыстыра білген отаншыл азаматтарға арналады.

Айшуақ

Мұратбек Оспанов

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, белгілі ақын Мұоатбек Оспановтың бұл кітабына енген өлеңдері көпшілікті ой тұңғиығына жетелейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Замана тынысы

Асабаев Зәкір

Белгілі жазушы-журналист Зәкір Асабаевтың әдебиет пен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен қоғамдағы толассыз жүріп құбылыстар жайында жазған очерк, суреттеме, эссе, естеліктері оқырманын бей-жәй қалдырмайтыны анық. Кітапқа күллі бір кезең, дәуір, халықтың бастан кешкен елеулі оқиғалары суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Отырар алқабы

Байпақов К.М.,Алдабергенов Н.О

Отырар алқабы

 

Фотоальбомда Отырар және Отырар алқабының археология,өнер және қолөнер ескерткіштері көрсетілген.

Мәңгілік Елім менің

Антология поэзии «Мәңгілік Елім менің-Вечная Страна моя»

Эта книга – своеобразный поэтический венок нашей родине, имеющей богатую и разнообразную культуру, неисчерпаемые природные богатства, великолепные по красоте ландшафты, удивительные исторические и культовые памятники, глубокие духовные и нравственные традиции-вечные ценности, которые держат человека на земле, питают его душу, давая ему силы обустраивать жизнь, созидать страну счастья – Мәңгілік Ел.

Впервые создана книга, в которой собраны произведения авторов, представляющих многонациональную литературу Казахстана, все многообразие этносов нашей страны : казахов, русских, уйгуров, курдов, узбеков, татар, белорусов, немцев, корейцев, чеченцев, турок, дунган  и т.д.  В антологию вошли лирические, лиро-эпические, филосовские, публицистические стихи 50 поэтов,  представленные на их родных языках и в переводе на русский.

Өнер іздері

Еркінбеков Ж

Өнер іздері

Қолыңыздағы кітапта белгілі мемлекет, қоғам және өнер қайраткері Жексенбек Еркінбеков қазақ өнері мен мәдениетінің өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап,бүгінгі күндеріне дейінгі шежіресінен салиқалы сыр шертеді.

Оның қол жеткен табыстары мен ішінара кемістіктері автор тарапынан шынайы суреттеліп,нақты деректер келтіріледі. Кітаптардың ұқытары мол,оқуға жеңіл.Өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленері даусыз.