Новые книги

Алаш арқауы

Қамзабекұлы Д

Алаш арқауы

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі-Алашқа арқау болған құбылыстар,тұлғалар,ұйымдар,жиындар,ізденістер,оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.

Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

Ұлы дала елі.

Ұлы дала елі.

Бұл кітапта халықтың жадында көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. Дала халқы өзінде бар ата кәсіптерін, алдыңғы буынның тұрмыстық қолданыс қажетіне деп жасаған дүниелерін көркем-мәдени мұралар құндылығына дейін жеткізе алған шебер де талантты халық.

Кітапта Қазақстан Республикасы жайлы мәліметтер (мемлекеттік құрылымы, тарихы, табиғаты, экономикасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, туризмі, көрікті тарихи, табиғи жерлері және ұлттық тағамдары мен ойындары, т.б) соңғы мәліметтер бойынша берілген.

«Мен-халқымның Бауыржанымын!...»

Қалдыбай Мамытбек.

«Мен-халқымның Бауыржанымын!...»

Белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты қолбасшы, әскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен орта ерекшелігі, елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіне қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма бір жыл қоян-қолтық араласып, тәлімін көрген ,әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап, көңіліне түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртқа беймәлім сырын мүмкіндігінше кеңінен аша түскен.

Кітапқа енген туындылар тың, тілі көркем, оқиғасы қою, талғампаз оқырман жан дүниесін баурап аларлықтай тәрбиелік,танымдық мәні терең.

Шығармалары. 1 том

Жандыбаев Ғ.

Шығармалары. 1 том

Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр кезеңде жазған өлеңдері,сондай-ақ таңдаулы лирикалары енді.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

Шығармалары.

Әбдіразақов Б

Шығармалары.

Қазақтың белгілі ақыны Бекен Әбдіразақовтың бұл жинағына автордың кезінде қалың оқырман қауым мен әдебиет сыншылары жылы қабылдаған «Тұңғыш кітап», «Махаббат мекені», «Ғашық жан», «Өмір мен көңіл» атты кітаптарындағы өлең-жырлары,балладалары,толғау-дастандары,поэмалары еніп отыр.

Ақынның сыршыл да нәзік туындыларының өн бойынан өмірге деген құштарлық,сүйіспеншілік,туған жерге,Отанға деген ыстық махаббаты айқын аңғарылады.

Қазақ мемлекеті: қағанаттар,ұлыстар мен хандықтар баяны

Омарбеков Т.

Қазақ мемлекеті: қағанаттар,ұлыстар мен хандықтар баяны

Қазақтың белгілі тарихшысы,ғалым Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын-ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр.

Автор шығарманы жазу барысында көптеген тарихи мұрағаттар мен деректерге, мәліметтерге сүйене отырып, дәйекті пікірлер келтірді. Кітап қазақ елі тарихына қызығушылық танытатын жас зерттеушілерге,студенттер мен оқушыларға,жалпы қалың оқырман қауымға арналады.

Өмір өтті...

Жақыпбек Есенқұл.

Өмір өтті...

Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақыны,жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары,қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең-жырлары еніп отыр.

Немере

Әкімқұлов Е.

Немере

Жазушы Еркінбай Әкімқұловтың «Немере» атты жинағына кезінде оқырман қауымының жылы ықыласына ие болған бір топ хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр

Сағым дүние

Иса И

Сағым дүние

Белгілі ақын Ибрагим Исаның «Сағым дүние» атты жинағына терең ойға,нәзік сезім иірімдеріне толы бір топ өлең-жырлары еніп отыр.

Ақын дәуір тынысын дөп басып, замандастарының арман-мақсаттарын, күйініш-сүйініштерін өз туындыларына өзек ете отырып ,биік мұраттарға, асқақ адамгершілікке, адалдыққа шақырады. Ол сонымен бірге халық арасына кеңінен таралған көптеген әндердің мәтіндерін жазған автор ретінде де белгілі.

Қазақ хандығы және тарихи аңыздар

Әбсадықов А.

Қазақ хандығы және тарихи аңыздар

XV-XIX  ғасырлар белесі-қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасып, тәуелсіз Қазақ хандығы мемлекетін құрған дәуірі.Тарихшы-ғалым Алмасбек Әбдісадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты зерттеу кітабына осы кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел билеген хандардың,билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің,батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай көрініс тапқаны өзек болған.   Аңыздар дерегіне деген жұрттың қызығушылығының,рухани құндылықтарды пайымдау маңызды мәселеге айналып келе жатқан бүгінгі заманымызда да арта түспесе,кемімек емес.