Новые книги

Құлама құз,қара жер

Ұзақов Бегадат                     

Жазушы Бегабат Ұзақов өз шығармаларында адалдық пен опасыздықтың, әділет пен қиянаттың, мәрттік пен нәмәрттіктің егесін суреттеу арқылы ой толғап, тың тұжырымдар жасайды. Бұл кітапқа енген шығармалардың ойы нәрлі, тілі әрлі. Көркем сөздің құдіретін құрметтейтін қауымға берері мол.

Ұзақбай Құлымбетов

Материалдар мен құжаттар жинағы

Кітапқа Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туындылары мен оның тағдырына арналған құжаттық материалдар топтастырылып отыр. Жинақ тұлғатану тарихын зерттеуші мамандар мен тарихшыларға, ЖОО оқытушыларына, студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, көпшілік оқырман қауымға арналған.

Ойшоғыр

Кеңесбаев Талғат

Белгілі жазушы Талғат Кеңесбаев «Ойшоғыр» повесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамның қалыптасу кезеңін және адамдардың қарым-қатынасын, бауырмалдылығын суреттейді. Кітаптың тілі шұрайлы. Шығармалары жеңіл оқылады. Кітап қалың оқырманға арналған.

Дидахмет Әшімханұлы көптомдық шығармалары

Жазушы, аудармашы Дидахмет Әшімханұлының бұл көптомдық шығармалар жинағының үшінші томында оның әр жылдарда аударған әлем әдебиетінің классиктері Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» атты романы мен «Күмән» әңгімесі және Джон Голсуорсидің «Девондық адам» атты новелласы берілген.                                                            Жинақтағы туындылар көркем тілмен, әдеби стильмен жазылған. Жатық та әсерлі оқылады.

Тәуелсіздік толғауы

Досанов Сәбит

Қазақстан Республикасы Мемлекттік сыйлығының лауреаты, Махмуд Қашқари атындағы «Түрік әлемінде сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Аймұханұлы Досановтың бұл кітабындағы шығармалар-Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі.

Жамбыл Жабаев

Суретті кітапқа Жамбылдың қазақ және орыс тілдеріндегі  поэтикалық шығармаларының қазақтардың тұрмысы, Ұлы отан соғысы, ақынның өміріне, республика өмірі мен белгілі айтыстарына арналған негізгі бөлімдерден тұратын топтамалары енгізілген.

Қазақстан халқының өнері

Искусство народа Казахстана

Art of the people of Kazakhstan

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ең ұлы құндылықтарының бірі болып табылады. Тәуелсіздік, келісім мен ортақ болашақтың ұлты-бір-біріне байланысты түсініктер.

Рахменқұл Бердібай

Он томдық шығармалар жинағы

Эпос-ел қазынасы  1 том 

Қр ҰҒА-ның академигі,филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист жазушы, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  Рахманқұл Бердібайдың он томдық шығармалар жинағының бірінші томында халықтың рухани қазынасы болып табылатын эпостар мен қисса-жырлардағы дәстүр мен жаңашылдық проблемаларын кеңінен талдаған зерттеулерге кең орын беріліп, халық ауыз әдебиетінің эпикалық сипаты ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.                                                                                                        

Қазақ-салт дәстүрлері

Қай халықтың болмасын, салт-дәстүрлері міндетті түрде сол халықтың мінез-құлқын, ой-өрісін, ұлтқа тән қасиеттерін танытып тұрады. Мәселен, қазақтың бауырмалдық, қонақжайлылық, сыйластық мінез құлықтарын оның тұрмыс-салт дәстүрлерінен анық байқауға болады.Әрі осынау терең мағыналы, өнегелі әдет-ғұрыптар атадан балаға жалғасып, мәңгілік өміршеңдігін көрсетіп келеді.                                       

  Кітапқа енгізілген ұлттық салт-дәстүріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге, күнделікті өмірде қолданып, игілігін көруге мол септігін тигізері хақ.

Мәңгілік ел-Қазақстан

“Мәңгілік ел-Қазақстан”  фотоальбомы Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық-саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын,  т.б. ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.