Новые книги

Кеңес Жұмабеков Ахат Құрмансейітов Қайырбек Сәдуақасов. Шығармалары

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарық көрген бұл кітапқа драматург Кеңес Жұмабековтің, ақындар Ахат Құрмансейітов пен Қайырбек Сәдуақасовтың шығармалары топтастырылды.

Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Шығармалары

«Сарыарқа кітапханасы» сериясының кезекті томына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік және ҚРҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Серік Смайылұлы Қирабаевтың тәуелсіздік тұсында жазылған таңдаулы зерттеулері топтастырылған. Ұлт әдебиетінің көрнекті өкілдері ретінде танылған ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы бүгінгі күн тұрғысынан жазылған зерттеулер қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған соны үлес болып табылмақ.

Кітап әдебиеттанушы ғалымдар мен ізденушілер, аспиранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне және ұлт әдебиеті мен тарихын білгісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.

Шығармалары

Төрехан Майбас

Серік Сағынтай.

Шығармалары

Бұл кітапқа Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, белгілі журналист- жазушы Төрехан Майбастың және ақын әрі прозашы Серік Сағынтайдың шығармалары топтастырылған. Жинаққа енген әңгіме- хикаяттардың тілі көркем, шұрайлы, оқиғасы тартымды.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Арқаның айтыс ақындары

«Сарыарқа» сериясы бойынша шыққан «Арқаның айтыс ақындары» атты бұл кітапқа ХІХ-ХХ ғасыр және жаңа дәуір ақындарының айтыстары жинақталған. Өнердің төресі- айтыстың насихатталуы мен дәстүр сабақтастығы, жыр жалғастығы көрініс тауып, өлең өрнегі арқылы ұрпаққа ұлағат берер мұра болмақ.

Кітап жырсүйер қауымға арналған.

Жан шуағы

Белгілі жазушы Рымқұл Сүлейменовтің бұл кітабына өмірінің соңғы жылдары жазған шығармалары мен бұған дейін жазылған шығармаларының ең таңдаулы дүниелері, ауыл өмірін өзек еткен хикаяттары мен әңгімелері, көкейде жүрген ойлары топтастырылған.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен жарыққа шығып отырған бұл кітапқа Арқа өңірінің би-шешендері мен ақын-жырауларының сөз маржандары топтастырылған.

Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

Жетіген

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан «Жетіген» атты бұл ұжымдық жинаққа жеті ақынның, атап айтқанда , Тезекбай Амандықұлы, Болат Асанов, Төлеубай Ермекбаев, Ерғазы Жазықбаев, Жомарт Оспан, Қалкен Смайыл, Зағыпар Шәкентаевтың шығармалары жинақталған. Жеті ақынның үні, жырлары арқылы жетігеннен шыққан сиқырлы саз бен әуезді әндей әсер етіп, жеті құрлыққа жар салғандай.

Жинақ жырсүйер оқырманға арналған.

Әлихан Бөкейхан Жақып Ақбаев Әлімхан Ермеков

ХХ ғасыр басында қазақ елінің азаттық алуы үшін аянбай күрескен, сол қасиетті жолда жаннын құрбан еткен Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековтей ерлердің есімі ұлт тарихында мәңгілік орын алады.
Туған халқының мұң- мұқтажын арқалаған айтулы азаматтардың ой- санасы, көзқарасы, империяшыл пиғылдарға қарсы еңбектері- ұрпақтың тағылым алар таусылмас қазынасы.
Кітап Алаш кезеңі тарихына қызығушылық танытатын жастарға, оқытушыларға, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.

Жаппар Өмірбеков. Шығармалары

Ақынның «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан бұл кітабына өлеңдері және дастан –поэмалары жинақталды. Өрнекті ой орамдары, кестелі сөз тіркестері жүрек түкпірінен жыр боп төгіліп, өлең боп өріліп, заманның үні, дәуірдің тынысын жеткізгендей болады.
Жинақ жыр сүйер қауымға араналған.

Нұрлан Оразалин. Шығармалар жинағы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ жырына олжа салған, өз үні, өз қолтаңбасы айқын, көрнекті ақын, танымал драматург Нұрлан Оразалиннің жарты ғасырдан асып жығылар қаламгер ғұмырбаянын қамтитын бұл көптомды шығармалар жинағы ойшыл суреткердің жаратылысын танып, тұлға табиғатын ашуға мол мүмкіндік береді.

    Оқырмандар назарына ұсынылып отырған  бесінші томға ақынның 2001-2014 жылдар аралығында жазған өлеңдері, толғаулары іріктелініп енді. Атап айтқанда  бұл томға «Екі дүние», «Жандауа», «Тәңірмен тілдесу» деп аталатын жыр жинақтары топтастырылған