Новые книги

Ер есімі-ел есінде

  Ер есімі-ел есінде. Естелік кітабы-өткен ғасырдағы зұлматты соғыс дәуірінің куәсі, Ұлы Отан соғысы жылдарында қан майданда қаза болғандарға, хабарсыз кеткендерге деген ескерткіш құжат.

   Кітап Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жинақталып, әзірленді, көпшілік оқырман қауымға, зерттеушілерге, сондай-ақ мемлекетіміздің қаһармандық тарихын құрметтейтін әрбір жанға арналған

Сәкен Иманасов. Шығармалар жинағы

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайреткері, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың таңдамалы жинағының үшінші томына оның кейінгі жылдары жазылып, кітаптарында жарияланбаған және балаларға арналған өлеңдері мен аудармалары енді.

   Кітап көпшілік қауымға арналған.

Ербол Шаймерденұлы. Шығармалары

 Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының алтыншы томына енген мақалалар мен көсем сөздер, түрлі жиындар мен конференцияларда, ресми шараларда сөйлеген сөздер мен жасалған баяндамалар, ғылыми-көпшілік талдаулар автордың атқарған қызметтеріне орай тәуелсіздік жылдарында шешуге тура келген мәселелерге қатысты көзқарастарын танытады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, Парламенттің баспасөз қызметінің жетекшісі, Мәдениет және ақпарат министрлігі  департаментінің директоры, комитетінің төрағасы бола жүріп, ұлы өзгерістер кезеңін көзбен көруші ғана емес, солардың тікелей қатысушысы ретіндегі жан тебіренісі мен күйзелісін жұртшылық алдына жайып салады. Кітап еліміздің тарихын білгісі келетін, тәуелсіз даму  кезеңінде  қоғамда шешімін тапқан мәселелердің жай күйіне қаныққысы келетін оқырман қауымға арналған.

Кәкімбек Салықов.Шығармалары

Көрнекті ақын әрі мемлекет және қоғам қайреткері Кәкімбек Салықовтың бұл жинағына негізінен өзі туып-өскен қасиетті де аяулы атамекеніне және туған еліне арнаған таңдаулы туындылары еніп отыр. Бұл шығармалардың қай-қайсысынан да ақынның елі мен жеріне деген зор махаббаты,шынайы құрметі мен сүйіспеншілігі айқын аңғарылады.

   Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған

Атажұртқа жеткен көш

Бұл кітапта тоқсаныншы жылдардың басында Монғолиядан атажұртқа бет алған алғашқы көш жөнінде сөз етіледі. Мұның өзі еліміз тарихындағы тұтас бір жаңа кезеңнің басталуы іспетті оқиға еді. Кітапқа осы көшті ұйымдастырушылардың бірі болған автордың тізбектемелік, анықтамалық деректерге бай естеліктері мен мақалалары, сұхбаттары енген.Кітап көпшілік қауымға арналған.

С.Шаймерденов .Таңдамалы шығармалар жинағы

ҚР Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың бұл жинағына кезінде оқырман  мен көрерменнен өз бағасын алған «Қарғаш», «Ит ашуы» атты повестері мен «Дөкей келе жатыр», «Әнім сен едің» және т.б пьесалары топтастырылған.

Құлбек Ергөбек. Қарасөз

«Қарасөз»-көрнекті әдебиет сыншысының толайым қазақ прозасына арнаған жанрлық –тақырыптық тұтас сын кітабы.

    Жұлын-жүйкесі бүтін біртұтас сын кітабына Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбайұлы, М.Мағауин, Д.Исабеков және сыншымен қанаттас бір буын прозашылардың тұлғалық талдамасы («Дарын даралығы»), сондай-ақ қазақ романы , повесть, әңгіме жанрының қалыптасуы, өсу-өркені жайында толғаныстары («Жанр жаңалығы»)еніп отыр.

    Сонымен бірге «ізденгіш сыншы» (Қ.Сұлтанов) экспериментке барып «Бір роман» (С.Мұқановтың «Адасқандар» романы), «Бір хикаят» (Ш.Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» повесі), «Бір әңгіме» (Д.Әшімханұлының «Тасқала» әңгімесін) атап, жеке шығарманы бас-басына лабораториялық тұрғыдан арнайы талдайды.

    Мейлі шығармашылық тұлғаға ден қойсын, мейлі әдеби процеске зер салсын, қандай шығарманы да буынынан ұстап талдайтын, төгілдіре толғайтын эстет сыншы «таңқалдыра біледі, тамсандыра біледі» (Ә.Кекілбайұлы) мақалаларында. Кітаптың тілі нәрлі, ой сараптамасы ойландырарлық.

Аяз би

     Роман кешегі кеңестік  кезеңнің  өлара тұсындағы қоғамның партноменклатура  деп аталатын  бөлшегінің құпияға  толы қатпарларын терең ашуға арналған.

А.Ахетов. Властелин духа

Книга посвящена выдающемуся просветителю казахского народа  Ахмету  Байтурсынову. В  основе  повествования – важные биографические  вехи жизненного пути главного героя.

Медеу Сәрсеке. Шығармалары

Қазақ  қауымына  жақсы  мәлім,  орыс  тіліне  де  аударылып,  жұртшылық тезінен  өткен  деректі  хикаяттары  туралы: «Өмірлік  мұраттарымыз  жаңарған соң  өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді.Күні кеше құнды болған жайттарға  сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайталанатын болды. Алайда сол туындыларды  бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан  сызып тастауға  бола ма? ­з басым сщған шүбәлімін. Жоқ  ұмытуға болмайтын  да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес...»- деген  тұжырым айтады сексен  жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сәрсеке.