«Қош келдің, көк сандық»

«Көк сандық» саяхаты атты халықаралық жобасы аясында   2017 жылдың 16 наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Қош келдің, көк сандық» атты  акцияның ашылу салтанаты аталып өтілді. Көк сандықтың ішінде 37 кітап болды.

Іс-шараға қаладағы № 1 мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу.

Бағдарламаның ұраны: «Бірге оқимыз,әрқашанда оқимыз,барлық жерде оқимыз». Кітапханашылар оқушыларға «Көк сандықтың» қызықты тарихы туралы айтты. Көк сандықтағы кітап саны-37. Көк сандықтағы кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана библиографы А.Жалдикараева балаларға «Көк сандықтың» шыққан тарихы,бұл идея қалай пайда болды,кім ұйымдастырушы, «Көк сандықтың» бағытын,біздің кітапханаға қашан келгені туралы айтып өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар әр кітапқа қысқаша шолу жасады. «Көк сандық» саяхаты оқуды дамыту бағдарламасы бойынша 16 наурыз-16 мамыр аралығында Произерск қаласында 2 ай бойы қызмет етеді.