Отбасы – бақыт мекенім

2017 жылдың  8 қыркүйек  күні  Приозерск қалалық кітапханасы КММ-де Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №1 жалпы орта білім беретін мектептің  5-7 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдау, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу; баланы ата-анасын, қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру; оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 

Тәрбие сағаты барысында балаларға слайд көрсетіліп, отбасы жайында түсініктеме берілді. Оқушылардың барлығы белсенділік танытып, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз ұл-қыздар әннен шашу шашып, ұлттық үлгідегі билер билеп, отбасы тақырыбындағы өлеңдерді нәшіне келтіре оқып, көпшілік қошеметіне бөленді. Арнайы дайындалған тапсырмалар балаларға қиындық тудырған жоқ. Сауалнамалық сұрақтар мен ататекке байланысты үлестірілген парақшалар оқушылар үшін өте қызық әрі маңызды болды. Іс-шара балалар үшін ұйымдастырылған тосын тәтті шәй ішіп, бақыт ағашына отбасына деген тілектерін жазып, естелік суретке түсумен аяқталды. Тәтті шәй кезінде де оқушылар жанұя жайындағы логикалық жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып отырды. Соңында, оқушылар кітапханашыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

1 2 3 4 5 6 7