Отты жылдар шежіресі

Жеңіс туы желбірегеніне – 76 жыл.   Мамыр айының 6- сі күні, тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор осынау айтулы датаға орай кітапхананың «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Парасат жолы» бұрышында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шара мақсаты: өскелең ұрпақты өжеттікке, Отанды сүюге, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Өткен шарада оқушылар соғыс туралы өлең оқып, бейнеролик көрсетілді. Б.Пирмаханова Ұлы жеңіс жайлы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата - апаларымыздың ерен ерліктері туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігі жайлы ауқымды түрде мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда фотосуреттер, кітаптар қойылды.

 WhatsApp Image 2021-05-06 at 16.26.46 WhatsApp Image 2021-05-06 at 16.27.15 WhatsApp Image 2021-05-06 at 16.27.44

 WhatsApp Image 2021-05-06 at 16.26.56