«Певец родной природы»
2018 жылдың 1 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінің оқу залында Орыс халқының балалар жазушысы Михаил Пришвиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Певец родной природы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына қаламыздағы №2 мектептің 4-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: М.Пришвиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармашылығы арқылы оқушыларды бауырмалдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа шақыру. Жақсы қасиеттерге үлгі алуға баулу. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббаттарын ояту.
Михаил Пришвиннің шығармаларындағы жас оқырмандарды баурап алатын басты қасиет қиял мен шындықтың, ғажайып пен күнделікті тірліктің біте қайнасып жатуы ғана емес, қаламгердің балалар жанына терең бойлап, тағдырына зер салуында, өмір тынысына ден қоюында. Балдырғандардың сүйікті кейіпкерлерін өмірге әкелген жас жеткіншектердің жарқын досы.
Табиғат көрінісін көркем сөзбен зерделей білген суреткер М.Пришвиннің өмірі мен шығармашылығы жайында презентация көрсетіліп, «Говорящий грач», «Ребята и утята», «Золотой луг», «Рассказ о бабочке» сынды кітаптары жайында буктрейлер көрсетіліп, аудиотаспасы тыңдалды. Жиылған оқушылар, автор және оның шығармалары туралы көптеген мазмұнды да қызықты мәліметтер алып қайтты. Оқырмандар назарына «Певец родной природы» атты кітап көрмесі үйымдастырылды.