Пәктік пен сұлулық жыршысы
Бүгін 20- наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де қазақ әдебиетінің кемеңгер жазушысы, айтулы ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 90 жылдық мерей тойына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты : оқырмандарға Қарабұтақ өлкесінің төл перзенті, тума талант, дарынды ақын, шайыр Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағлұмат беру, ақын шығармаларымен таныстыру; Оқырмандарды ақын өлеңдерін сүйіп оқуға қызығушылығын арттыру, ақын шығармалары арқылы туған ел мен жерді сүюге баулу, ақындық рухтың биіктігін таныту.
Қазақ өлеңін заманына сай белгілі бір белеске шығаруда Қуандық Шаңғытбаевтың сіңірген еңбегінің қадірі өте зор. Қазақ халық поэзиясының төріне шыққан Қазақстанның халық жазушысы – Қуандық Шаңғытбаев аударма саласында да үлкен еңбек етіп қазақ өлеңіне озық үлгілер енгізді. «Қуандық Шаңғытбаев поэзиясы қандай ауқымды зерттеудің де объектісіне айнала алатын ғажайып әлем», - деп Сауытбек Абдрахманов айтқандай, ақынның әлемі – шетсіз, шексіз әлем. Осы ұшы-қиыры жоқ әлемнің мәңгі тұрғыны біздер. Бүгінгі сурет көрмесі – сұлу жырдың жорғасы, маржан жырдың мәртебелісі, өлеңнің өнегелі өлшеміне айналған киелі Қарабұтақ топырағының төл перзенті Қуандық ақынға арналды.
Қаламгердің туындылары оқырмандарды оңаша сырға жетелейді деп сенеміз.
Оқырмандарға қызмет ету бөлімінің
кітапханашысы Г.Г. Есенбаева