Бүгінгінің қариясы - даналықтың дариясы.

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

11

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.

DSC_0058

Осындай іс-шарадан «Приозерск қалалық кітапханасы»  мемлекеттік мекемесі де құр қол қалған жоқ.  1 қазан Қарттар күніне арнап «Қарттарым есен-сау жүрмісің» және «Ардагерлерге аяулы қамқорлық»атты тақырыптарда оқырмандарға қызмет ету бөлімдерінде кітап көрмелері ұйымдастырылды. 2013 жылдың 30 қыркүйек айында кітапхананың оқу бөлімінде «Бүгінгінің қариясы- даналықтың дариясы»атты тақырыпта кездесу кеш өткізілді. Ол кешке қаламыздың қариясы Жайлыбаева Набира апай шақырылды және Кузнецова Евдокия Никитичнаның үйіне барып, жылы көрпе сыйға тартылған болатын. Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.

DSC_0067

Қарттар күні – біз үшін аса қымбатты адамдардың мерекесі. Бұл күні олар жайында көп айтылып, еске алынып отырылады. Бұл жан жомарттылық, қиыншылықтардан өтіп, адамгершілік жылуы мен қайырымдылық қасиеттерін сақтаған адамдардың мерекесі.

Біз, қарт адамдарға қамқорлық көрсетуді бір сәт те ұмытпауымыз қажет.

Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!