Үркертолғақ
Жас ақын Серікбай Әбілмәжіннің бұл алғашқы жыр жинағы ақынның нүкте мен шексіздікке, өткен шақ пен бүгіннің жұмбақ елесіне деген аңсары hәм сағынышы шерлі жүрек шертпесіндей сыр аңғартады.
Тауда туып, орман жырына сусындаған, көкжал мінезді, қаршыға серпінді жас шәйірдің биіктікке ұмтылып, тұңғиыққа батқан, сағыныш пен махабатқа тұнған сері жырлары жүректерге жол табары шүбасыз. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.