Рәміздерім мақтанышым
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 4 маусымда «Рәміздерім мақтанышым»деп аталатын тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс - шараға 7 -8 сынып оқырмандары қатысты.
Мақсаты : Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға тәрбиелеу. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз. Кешімізге 29 оқушы қатысты.