Өрт қауіпсіздік ережелері

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 4 тамызы күні кітапханашылар арасындюа «Өрт сөндіру техникасы мен алғашқы өрт сөндіруде қойылатын талаптар» тақырыбында қалалық өрт сөндіру қызметкерлері Оңалбаев Медет Жаңабайұлы мен Аманбаев Айбек Қуандықұлы баяндама оқып, «Өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі» жайлы тәжірибелік сағат өткізген болатын.
Кітапханада мұндай сабақтың түрлері дәстүрге сай жыл сайын өткізіліп отырады. Іс-шараның мақсаты мамандардың өрт қауіпсіздігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, жауапкершілікке шақыру болып табылады. Сонымен қоса өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету, адам өміріне өрттің зиянды екенін тұрмыстық техникалық заттарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін білуге шақыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету. Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру. Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.