«Рухани келісім-бейбітшілік тірегі»
2017жылдың 18 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Рухани келісім күніне «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі», «Рухани келісім- халық бірлігіне бастар жол», «Рухани келісім-басты байлығымыз» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен оқушылар қатысты.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.
Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі. Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып өтіп келеді.