Сабырбаев Қайрат Дүлдүлдер дүбірі

Ақын Қайрат Зәкенұлының өлеңдері талғам мен таным негіздерін сипаттайтын тұшымды ойлардан тұрады. Оның өмірге көзқарасы, махаббат пен достықты бағалауы, тірлік түйіткілдерін тануы кітапқа енген шығармаларынан шынайы көрініс тапқан. Авторды өзгелерден даралап тұратын ерекшелік-дүлдүлдер дүбірін құлақ түбіне әкелер жылқы тақырыбының мейлінше сәтті сомдалуы. «Ақжал мен көкжиек» поэмасы табиғи заңдылықтың жалпыға елеусіз сәттерін ашып суреттеуімен бағалы. Төрт түліктің төресіне қатысты тың сюжеттерге толы топтамалар оқырман үшін өз алдына бір олжа боларлықтай. Кітаптың тілі көпшілік ұғымына жеңіл әрі жатық.