«Салауатты өмір салтымыз»
2017 жылдың 5 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде Дүниежүзілік денсаулық күніне «Салауатты өмір салтымыз» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.
Басты мақсатымыз: оқырмандарға адам өмірінде денсаулықтың өте маңызды екендігін ұғындыру.
Денсаулық – адам жанының басты байлығы. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі. «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!».
Іс- шара соңында оқырмандардың назарына «Бақытыңда,байлығыңда-Денсаулық» атты кітап көрмесі ұсынылды.