Сарыарқа кітапханасы

«Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың таныстырылымы былтырғы жылы Қарағандыда өткен болатын.  Сол сериялы кітаптарға біздің де қолымыз жетіп, оқырмандар назарына ұсынылуа. Соңғы жылдары  республикамыздың жеке аймақтарында «Баянауыл кітапханасы», «Сарыарқа кітапханасы», «Алтай – Ертіс кітапханасы» сынды жеке атаулы сериялармен республика көлемінде танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері. 

Көптомдық кітаптардың бұл сериядағы мақсаты – қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығын жүйелеу, таңдамалы шығармаларын өскелең ұрпаққа мұра қылу, ұлттық әдеби – мәдени жәдігерлерді сақтау, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау. Бұл кітаптар «Фалиант» баспасының өзара келісімімен танымал ғалымдарынан сөз шеберлерінен құралған. 100 томдық еңбекте 352 автордың еңбегі жинақталған. Әр томның тиражы – 800 дана, барлығы 80 мың дана. Бұл жинаққа Бұқар жырау, Қаздауысты Қазбектен бастап, Мәди-Бәпиұлы мен Қасым Аманжолов сынды 20-ғасыр классиктерінің, сондай-ақ қазіргі заман ақын-жазушыларының еңбектері енген. 

Қаздауысты Қазбек би мен Бұқар жырау мұрасы энциклопедия нұсқасында жарық көрсе, арқаның ақын – жырауларының мұрасы жеке топтастырылып, айтыс ақындарының мұрасы бөлек жүйеленген. Серияның «Жаңа дәуір әдебиеті» айдарына үш арыс Әлихан Бөкейханов, Ақбайдың Жақыбы, Әлімхан Ермеков мұралары жинақталған. 

Құрметті оқырман! «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдық еңбекпен танысып, алып оқимын десеңіздер қалалық кітапханамыздың қорынан алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 

Келіңіздер, көріңіздер, оқыңыздар. 

20161021_094142-1 20161021_094200-1 20161021_094437-1

Бұқар жырау

Энциклопедия. – Астана; Фолиант, 2013 – 632 б.

Ысқақов Б.

 « Шығармалары»/ Бүркіт Ысқақов – Астана: Фолиант. 2014-304 бет

 

Смайыл А.

Смайыл А.

Шығармалары / Алдан Смайыл.-Астана: Фолиант,2013

Ақмола-Қараөткел тарихы. Тарихи зерттеулер, деректі иақалар.-552 б.

 

Бөкен А.

Шың: өлеңдер, толғаулар, поэмалар/Абзал Бөкен- Астана: Фолиант,2014 – 400 бет

 

Смайыл А.

Шығармалары / Алдан Смайыл.-Астана: Фолиант,2013

Т.1. Роман,повестер мен әңгімелер – 568 б.

 

Кәрібаев Б.

Керуен: қазақ әдебиетінің толғақты мәселелері / Бақыт Кәрібаева – Астана: Фолиант,2014-464 б.

 

Шығармалары:

Әшімов Б., Дәрібаев Х., Қосуақ Т., Омаров Х.

Астана: - Фолиант, 2014- 304 б.

Михайлов В.

Великий джут. Документальная повесть / В. Михайлов – Астана: Фолиант,2014 – 416 с.

 

Амантай Д.

Қарқалы басында: роман, повесть,әңгімелер. – Астана; Фолиант, 2014-392 б.

 

Стамбекұлы Д.

 Шығармалары. Ғұмырымның баяны / Дәуітәлі Стамбекұлы- Астана: Фолиант,2013