«Шарль Перро-великий сказочник»

2018 жылдың 12 қаңтары күні   «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде атақты француз балалар жазушысы Шарль Перроның 390 жылдық мерейтойына орай «Шарль Перро-великий сказочник» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына №2 мектептің 2-сынып оқушылары қатысты.

         Мақсаты: Шарль Перроның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, шығармашылығы арқылы оқушыларды бауырмалдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа шақыру. Жақсы қасиеттерден үлгі алуға баулу.

         Шарль Перроның шығармаларындағы кейіпкерлер жас оқырмандарды баурап алатын басты қасиет-қиял мен шындықтың, ғажайып пен күнделікті тірліктің біте қайнасып жатуы ғана емес, қаламгердің балалар жанына терең бойлап, тағдырына зер салуында, өмір тынысына ден қоюында. Жазушының атағын жалпақ жаһанға жайған «Қызыл телпек», «Етікті мысық» хикаяларын әлем балалары сүйіп оқыған туындысы. Балдырғандардың сүйікті кейіпкерлерін өмірге әкелген жас жеткіншектердің жарқын досы, жанашыры.

        Тәрбие сағатына қатысқан оқушылар автордың көптеген шығармаларымен таныс болып шықты.  Сүйікті де танымал кейіпкерлерінің жазушы туралы көптеген мазмұнды да, қызықты мәліметтер алып қайтты. Балаларға біртуар тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған презентация және ертегілер желісінің негізінде дайындалған буктрейлер көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылар «Қызыл телпек», «Етікті мысық» ертегілеріне дыбысталған диафильмдерді және кітапхана қорында бар кітаптардан құралған кітап көрмесін қызығушылықпен тамашалады. 

1 2 3 4 5 6 7 8