Шебер күйші

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 31 қаңтарында «Шебер күйші» Дина Нұрпейісова жайлы кітап көрмесі өткен болатын. Кітап көрмесіне 4 – 8 сынып  оқырмандары қатысты.

Басты мақсатымыз – оқырмандарға Дина Нұрпейісова жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, өмірбаяны мен шығармаларын таныстыру.

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова  күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.

      Ал кітапхананың кітап қорындағы 2010 жылы Алматы қаласында «Арыс» баспасынан басылған «Дина күйші» және 2011 жылы Алматы қаласы «Жедел басу» баспасынан жарық көрген «Күйші Дина» атты кітаптары насихатталды.

Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар да оқырман  назарына ұсынылды.

Көрмеге қатысқан оқушылар саны 30 бала.  

IMG-20160204-WA0003 IMG-20160204-WA0004