«Шебер жазушы»
23 ақпан 2017 жылдың «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Шебер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: жазушы Молдахмет Қаназовтың өмірі мен шығармаларын насихаттау,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Молдахмет Қаназов-қазақ әдебиетіне өзіндік жолымен, өзіндік мәнерімен келген қаламгер. Жазушының балаларға арналған шығармаларын оқығандар М.Қаназдың бала тілін жақсы білетіндігіне, оның бала кейіпкерлерінің сөздік қоры ерекше, сөйлеу мәнерлері қызық, табиғи болатындығына сүйсінеді. Оқырман назарына көрмеге қойылған жазушының кітаптары мен газет бетінде жарияланған материалдар ұсынылды.