Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз
2016 жылдың 25-мамырында оқу жылының аяқталуына байланысты «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның оқырмандарға қызмет ету бөлімінде түлектердің алтын ұя мектеппен қоштасуына орай «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектерге сый – құрмет көрсете отырып, болашақ ел азаматын білікті маман болуға, елге еңбек етуге, ғылым қууға, өресі биік болуға шақыру.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл – қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімнің, мейірімнің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі- мәңгілік.
Биылғы жылы мектеп қабырғасынан, алтын ұясынан ұшқалы тұрған түлектер ұстаздарының үмітін, сенімдерін ақтап еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болады деген ойдамыз.