«Солдат соғыс таңдамайды»
2017 жылдың 9 ақпанынан бастап «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Солдат соғыс таңдамайды» атты кітап көрмесі қойылды. Көрмеге оқушылар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу , жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Ауған соғысы-кеңес тарихы дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі.Күш-жігері мен әл-қуаты мол, Отан алдындағы борышын адал атқарған әрі өз болашағына сенген жас ұрпақ саяси ойынның құрбанына айналды. Жүздеген жас азамат жат елде жан тапсырып,мыңдаған отандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды.Олардың жүрегінде Ауғаныстан мәңгілік жан жарасы болып қалып қойды.